Табиғат серісін сұлатып салған аңшылар жұрттың ашуын келтірді

23 января 2017, 11:14
Фото:
Адамдар мен көліктен үрікпей, бейқам тұрған дала тағысын аямай атқан мына аңшылардың әрекеті жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Baq.kz.

Жан түршіктірерлік видео Facebook әлеуметтік желісіне жүктеліп, әп-сәтте тарап кетті. Оны Әліби Әбиев есімді азамат салып, «Аңшылыққа тыйым салу керек! Мүлде», - деп пікір білдірген.

Бұл бейне-жазбаны көп адамдар бөлісіп, аңшыларды үлкен сын астына алуда.

Дәстүрлі әнші, қазақ мәдениетінің жанашыры Ерлан Төлеутай да табиғатқа жасалған қастандыққа көз жұмып отыра алмай, бұл жайлы: «Осындай аңшылық бол ма, айтыңдаршы?! Обал-сауапты ұмыттық қой, ағайын! Мына броконьерлерге тыйым бола ма? Табиғат қорғау мекемелері, сіздер не бітіріп отырсыздар?!», - деп өз ренішін жазыпты.

Бұл іске қатысты құқық қорғау орындары арнайы тексеру жүргізеді деген үміттеміз.

Ұларбек Дәлейұлы

Фото: Baq.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?