Он жылға жуық із-түзсіз кеткен ер адам табылды

23 января 2017, 14:06
Фото:
10 жылға жуық із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған ер адам табылды. Алматы қаласының тұрғыны осы уақытқа дейін туыстарымен байланысқа шықпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматылық тұрғын 2007 жылы, тамыз айында хабарсыз кеткен. Алайда, оның жақындары полицияға 2015 жылы ғана хабар берген. Туыстарымен байланысқа шықпаған азамат осы уақытқа дейін әр жерде күнелтіп өмір сүрген. 1967 жылғы ер адам Іле аудандық ІІБ ювеналды полиция өкілдері тапты.

Құжаттарын тексере келе, оның із-түзсіз жоғалғандар тізімінде екені анықталды. Соңғы 1,5 жылдан бері ол аталған ауданда тұрып жатыр екен. Құрылыста жұмыс істеп, нәпәқасын тапқан. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адам жайлы ақпаратты Іле аудандық ІІБ Алматы қаласындағы әріптестеріне жіберді.

Ал 10 жыл бойы іздеуде болған азамат туыстарымен қауышты. Айта кетейік, полиция қызметкерлері Универсиада қарсаңында Алматы облысының оңтүстік аймағында бақылауды күшейтті. Осы мақсатта Алматы қаласына жақын орналасқан өңірде «Құқықтық тәртіп» операциясы жүріп жатыр. Облыстың Талғар, Қарасай, Іле, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарын қамтыған шараға мыңға жуық қызметкерлер тартылған.

Фото: News Front



Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?