ОҚО-да аккумулятор ұрлағандар ұсталды

23 января 2017, 16:39
Фото:
Шымкентте автокөлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқандар ұсталды. Поилцейлерге осы ұрылардың әрекетінен жәбір көрген бірнеше автокөлік иесі арызданған. Олар жеңіл және жүк көліктерінің аккумуляторларын белгісіз азаматтар ұрлап кеткенін айтады, деп жазады otyrar.kz.

Жедел іздестіру нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Олар 21 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары. Тергеу кезінде күдіктілердің 8 аккумулятор ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Жымысқылардың әрекетінен жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 200 мың теңгеден асады. Олар ұрлаған бөлшектерін арзан бағаға сатып жіберіп отырған екен.

Қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Айта кетейік, автокөлік аккумуляторы — әжептеуір ақша тұратын бөлшек. Әсіресе, жүк көліктерінің қуат көздері қымбат тұрады.

Фото: otyrar.kz

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?