Саран қаласының халқы пәтерлеріне шағын пеш орнатып, күн көріп жүр

24 января 2017, 11:13
Фото:
Жылыту қазандығының кесірінен тоғыз адам көз жұмған Қарағандының Шахандағы жылу мәселесі өңірде әлі де өзекті. Саран қаласында 50-ге жуық отбасы орталық жылу жүйесінің қызығын 20 жылдан бері көре алмай келеміз дейді. Сондықтан халық пәтерлеріне шағын пеш орнатып, күн көріп жүр. Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.
Қарағандыдан небәрі 15 шақырым жердегі Саран қаласында тұрады деген аты болмаса, мұндағылардың тұрмыс -тіршілігі ауылдағымен бірдей. Қауіпті болғанымен, көнбіс халық шелек-шелек көмір тасып, күл шығаруға етіміз үйренді дейді. Тұрғындардың жылу жүйесінің рахатын көрмегеніне 20 жылдан асыпты.
Ермек Канафин, Саран қаласының тұрғыны:

- Әрине, қиын. Онсыз болмайды ғой.
Саран қаласындағы бұл дау 90-жылдары басталыпты. Банкротқа ұшыраған ірі зауыт жабылып, бүтін бір ықшам ауданды жылытатын қазандық та жұмысын тоқтатқан. Оның үстіне тұрғындардың да көмір алып, жұмысшыларға жалақы төлеуге қауқарлары жетпеді. Ал әкімдік үш көпқабатты тұрғын үй үшін жылыту орталығын салмаймыз деген соң халық жаппай көшіп кеткен. Қазір жалғыз тұрғын үйдің 50-ге жуық пәтері ғана қалыпты.
Әкімдіктегілер тұрғындардың жылу мәселесі келер жылы ғана түзеледі деп отыр. Қазір шенеуніктер 50 отбасына модульді жылыту қазандығын орнатуға байланысты құжат әзірлеп жатыр екен.
Ольга Шотт, Саран қаласы ТҮКШ бөлімінің жетекшісі:

- Келер жылы бұл тұрғын үйдің халқы пештерінен толықтай арылады деп айта алмаймын. Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр. Біз қажетті құжаттарды дайындап, жібереміз. Оның барлығы ақшаға, әрі уақытқа тіреліп тұр ғой.
Пәтердің дәл асхана бөлмесінде орналасқан пешке тұрғындар күніне 7 шелек көмір салады екен. Сонымен қыс мезгіліне 25 мың теңгедей ақшалары кетеді. Бұл ағашты айтпағанда. Дегенмен, бүтін бір баспананы жалғыз шағын пешпен жылыту әсіресе аяз күшейсе қиынға соғады дейді жұрт.

Фото: katalog.runet.lt

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?