Оралдық мұғалім мектептен түрмеге түсті

25 января 2017, 10:17
Фото:
Оралдық мұғалім мектептен түрмеге түсті. Сот алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімін окушыны ұрғаны үшін кінәлі деп таптты. Соққы да қатты болғанға ұқсайды. Өйткені дәрігерлер, "оқушының жыныс мүшесі жарақаттанып, аталық безі езіліп кеткен" деген диагноз қойған. Бұл туралы 31 телеарна хабарлайды.
Мұғалім мен шәкірт арасындағы жанжал футбол ойынынан басталған. Сол күні алаңға тарих пәнінің мұғалімі Рауан Қадешев мас күйінде келген. Ащы судың буына еліккен мұғалім ойында кімдер қалатынын бұйыра сөйлейді. Мұғалімнің мұнысы жақпай қалған мектеп оқушысы балағаттап жібереді.

Әріптесіне ауыр сөз айтқан оқушыны алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы Айдос Ғабдулкаримов естіп қалып, алдымен шапалақпен тартып жібереді. Ашуға булыққан ағарту маманы онымен қоймай аяқ серпиді. Ауыр тепкіден оқушының аталық безі езіліп кеткен. Дәрігерлер болашақта жеткіншектің ұрпақ сүюі екіталай дейді. Жәбірленушіге ұстаз 2 миллион теңге көлемінде айып төлейді. Екі жақ кешірімге келеді. Алайда сот қос тараптың татуласуына қарамастан мектеп мұғалімін бес жылға соттады.

Фото: brovary.pravo-znaty.org.ua

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?