Горячие новости
Читайте также

Атырауда ана мен бала өлімі дәрігерлердің салғырттығынан болған

Өліміне туған-туыстары дәрігерлерді кінәлап, құзырлы орындарға шағым түсірген.

Фото : 25 января 2017, 11:03
Атырауда ана мен бала өлімі дәрігерлердің салғырттығынан болған. Босану кезінде қайтыс болған Гүлдана Жекенованың өліміне байланысты құрылған комиссия осындай қорытынды шығарды. Енді бұл іспен полиция айналысуда, деп жазады КТК телеарнасы.

1 апта бойы тексеріс жүргізген комиссия Гүлдана Жекеноваға дәрігерлердің дұрыс медициналық көмек көрсетпегенін анықтапты. Нақтырақ айтқанда, ұйымдастыру, емдеу-диагностикалық және келіншектің құжаттарын даярлауда қателіктер кеткен.

Енді тергеушілер бірден үш мекеменің, яғни Индер аудандық ауруханасы мен Атырау қалалық перзентханасының және облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлерін тексеріп, нақты кінәлілерді анықтайтын болады. Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Индер ауданының 32 жастағы тұрғыны Гүлдана Жекенова Атырау қалалық перзентханасында бала үстінде қайтыс болған еді.

Оның өліміне туған-туыстары дәрігерлерді кінәлап, құзырлы орындарға шағым түсірген.

Фото: Qostanay.tv

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии