Тараздықтар Мемлекет басшысының үндеуіне үн қосты

27 января 2017, 09:26
Фото:
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде ел халқына жолдаған үндеуін қолдайды, деп хабарлайды zakon.kz, ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері бас қосып, Мемлекет басшысының Қазақстанды демократияландыру жолындағы жаңа қадамын өзара талқылады.

Жиынды ТарМПИ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова ашып, жүргізіп отырды.

"Қазір басқарудың икемдік жүйесін енгізу заман талабы. Уақыттың өзі оны көрсетіп отыр. Бұны Елбасы ерекше атап кетті. Осындай өзгерістер нәтижесінде Парламент пен Үкіметтің ел тұрғындары алдындағы жауапкершілігі артады. Үкімет Қазақстанның әлеуметтік дамуын өз бақылауына алып, жете қадағалайды. Ал құзіреті кеңейген Парламент халықтың жағдайын ескере отырып, бақылау міндетін атқарады. Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді", - деді О. Жолдасова.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырова аталған реформаның күнде өзгеріп жатқан қым-қуыт әлемге жаңа көзқарас болып табылатындығын, Қазақстан нақты саяси реформалардың алдында тұрғандығын айтып өтті.

Сондай-ақ жиын барысында тарихшылар, саясаттанушылар және оқу орнының студенттері ел өміріндегі маңызды саяси өзгеріс турасында пайымды пікірлерін білдірді.

Фото: www.playbuzz.com




Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?