Діни басқарма суррогат анаға пәтуа шығарды

27 января 2017, 17:05
Фото:
Діни басқарма құрсақ ана қызметін дұрыс емес деп тапты. Ғұламалар кеңесі бұл өзекті мәселеге қатысты осындай пәтуа шығарып отыр, деп жазады КТК телеарнасы.
Шариғат бойынша тағам, киім, көлік, баспана, кітап сынды мүліктер сауда-саттыққа, алыс-беріске, жалға беруге жарамды. Ал кейбір дүниелермен сауда-саттық немесе алыс-беріс жасауға рұқсат жоқ. Әйелдің жатыры да солардың қатарында. Өйткені, біріншіден шариғат бойынша балалы болу үшін неке болуы керек. Екіншіден, әйелдің тәні күйеуіне ғана тиесілі, басқаларға харам. Үшіншіден, кей әйелдердің денсаулығына зиян келмесе де бала табуға қарсы болуы дұрыс емес. Өйткені ол ерінің балалы болу құқығын шектейді екен.

Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

-Жалға берілетіндей адамның құрсағы ойыншық емес. Біреу өзінің үйін, өзінің көлігін, ыдысын оны жалға беруге болады. Әйел тек қана өзінің несіне өзінің күйеуіне ғана халал болады.

Фото: miaitalia.info

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?