Биыл 65 мың мемлекеттік қызметкер кешенді аттестациядан өтеді

30 января 2017, 14:39
Фото:
Биыл 65 мың мемлекеттік қызметкер кешенді аттестациядан өтеді. Дәлірек айтсақ, Б «корпусы». Яғни сарапшылардан министрлік пен ведомство департаменттерінің директорларына дейін, облыстық деңгейде мамандардан жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшыларына дейін барлығы түгел сынақтан өтеді. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Биылғы емтихан ережелері былтырғыдан өзгерек. Мұнда бұрыс не дұрыс деген жауап болмайды. Қызметкерге жағдаяттық сұрақтар беріледі. Соған икемді жауап бергендер қиын жағдайдан сытылып шығу тәсілін ойластырылғандарға жоғары ұпай беріледі. Жазбаша да ауызша да сұрақтар қойылады. Қолда бар жауаптардың нәтижесінде қызметкердің лауазымын жоғарылату не түсіру мәселесі күн тәрбіне қойылады. Ауызша емтиханда азаматтардың мемлекеттік қызметке қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындығы тексеріледі.

«Биылғы аттестаттаудың ерекшелігі заңнаманы білуге арналған тестілеуден өтпейді. Алғаш рет осы мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялаудың жеке құзіреттерін анықтаутын тест өткізілмекші», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының басшысы Ғанижан Асанұлы.

Ал, декреттік демалыстағы, сондай-ақ аяғы ауыр әйелдер сынақтан босатылған. Бұл санатқа 3 жасқа толмаған балалары бар әйелдер, 14 жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер де жатады. 1 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде аттестация жұмыстары басталмақ. Бұл мақсатта қосымша 360 компьютер алынған. Жаңа бөлімшелер ашылған.

Фото: www.dagminobr.ru

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?