Қазақстан бензин импортынан құтылуға тырысуда

30 января 2017, 15:31
Фото:
Қазақстан бензин мен дизель импортын қысқарта отырып, отын изоляционизмі саясатын алға жылжытуды бастады. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы бензин мен дизель отынының импорты 20 мың тоннадан астам деңгейге қысқарды. Бұл туралы finprom.kz мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Импорттың қысқаруына мотор және дизель отынын өндіру көлемінің артуы ықпал етті. 2016 жылдың 11 айында Қазақстанның мұнай өңдейтін кәсіпорындары 7 млн. тоннаға жуық өнім шығарды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 130 мың тоннаға артық.

Дегенмен қазақстандық тұтынушылар автомобиль отынының тапшылығын сезінуде. 2016 жылдың қаңтар-қарашасында ішкі нарыққа 8,3 млн. тонна отын жіберілді. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда артықтау, бірақ та 2013 және 2014 жылдармен салыстырғанда аздау.

Жанар-жағармайға деген сұраныс Қазақстанда автокөліктер санының артуы тұрғысында өсті. 2016 жылы бөлшек нарықта дизель отынының құны 33 пайызға, ал АИ-92 маркалы бензин бағасы 8 пайызға жоғарылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы күзде елімізде АИ-92 маркалы бензиніне мемлекеттік реттеуді доғару туралы шешім қабылданған болатын.

Фото: inform.kz

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?