Лента новостей
0

Тараздық жастар зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.03.2017 20:24 Zakon.kz
Басқосу барысында ел ағалары жастарға ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани-адамгершілік қатынастарды дамыту, елде болып жатқан оқиғалар жайында пікірлерін білдіріп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының аясында Жамбыл облысындағы зиялы қауым өкілдерімен жастардың ерекше форматтағы кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқу орнының «Жерұйық» этнографиялық орталығында өткен басқосуда институт ректоры Дария Қожамжарова шараның мәні мен маңызына тоқталып өтті.

– Төл тарихымыздың тұңғиығына үңілер болсақ, тағдыр талайы үнемі қыл үстінде болған, «аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен» қазақ халқы небір зобалаңды бастан өткерді. Азаттықтың ақ таңы атып, бабалар аңсаған егемендікті алдық. Тәуелсіз ел атандық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әлемге әйгілі болдық. Жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан өскелең ұрпақты қоғам талаптарына сай қалыптастыру оңай шаруа емес екендігі белгілі жайт. Бұл тұрғыда халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, бабадан балаға мұра болып жеткен бай тәжірибесін қолдану кезек күттірмейді. Осы орайда, аға буын өкілдерімен тығыз-қарым қатынас орнатып, құрметтеу біздің басты парызымыз. Сіздер осынау игілікті істің негізгі ұйытқысы болып табыласыздар, – деді Д. Қожамжарова.



Өз кезегінде Д. Қонаев атындағы Халықаралық қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Аманкелді Қарентаев ұлттық сана қазақты тұтастандыратын құндылық екендігін және ол мемлекеттік идеологияның, қазіргі қоғам дамуының негізгі іргетасы болатындығын айтты.

– Рухани тұрғыда жақсы тәрбиеленген ұрпақ міндетті түрде елшіл, ұлтжанды азамат болып қалыптаспақ. Бұны өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өткеннің ұлағатын, ұлттық болмысты, өзіндік мәдени құндылықтарды бағалай отырып, болашақты бағамдай аламыз, – деді ол.

Сонымен қатар, басқосу барысында ел ағалары жастарға ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани-адамгершілік қатынастарды дамыту, елде болып жатқан оқиғалар жайында пікірлерін білдіріп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.



Оқу орнының өнерлі студенттері дайындаған концертті тамашалағаннан кейін қонақтар кездесу бағдарламасын сәйкес институтта жаңадан ашылған «Балалардың сөйлеу тілін түзету мен дамытуға қолдау көрсету» мен «Өзін-өзі тану» орталықтарында болды.

Сонымен қатар, ардагерлер Ж. Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы мен «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Фото: ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметі

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: