Лента новостей
0

Таразда жастар театры жаңа спектаклін қойды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.03.2017 18:45 Zakon.kz
Ашылғанына 8 жылдың жүзі болған «Жансарайдың» алға қойған мақсаты биік.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Жансарай» жастар театры белгілі ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» пьесасын сахналады, деп хабарлайды zakon.kz, оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген мәліметке сілтеме жасап.

Қойылымда ауылдан қалаға келген бойжеткеннің өмірден көрген қиындығы баяндалады. Мектепті кеше ғана бітірген өрімдей қыз қиын да соқпақты жолдардың азабын тартады. Жоғары оқу орнына түсе алмай қалған бойжеткеннің тағдыры қаланың даңғаза өміріне ұласып, алданып, әркімге арбалып, ақыры соңы жүкті болып, өмірге нәресте әкеліп, оны тастап кетумен аяқталады. Күнделікті күйбең тіршілікте кезігетін оқиға. Әсіресе, қаланың қым-қуыт өміріне қызыққан ауыл баласына тән құбылыс. Оқиға желісі екі жастың арасында өрбіп, сан түрлі мінез-құлық иелерінің образын ашады.



– Студенттік өнер ұжымының еліміздегі театр сахналарында алғаш рет осыдан 26 жыл бұрын қойылған пьесаны таңдап алуы бекер емес. Біз тәрбиелік маңызы әлі де зор қойылым арқылы жас¬тарды жаман әрекеттерден сақтандырғымыз келді. Оларға ой салып, оң жолмен жүруді насихаттамақ ниетте болдық, – дейді театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова.

Оның айтуынша, болашақта жастар театры махаббат пен достықтың қаншалықты құдіретті күш, ұлы сезім екенін ұғындыратын яки көпшіліктің көңіл төрінен орын алған классикалық қойылымдарды сахналауды жоспарлап отыр.



Мамандықтары кәсіби актерліктен алыс болса да Әділет Әбдіқадыр, Таңшолпан Маратқызы, Жадыра Тұрмаханқызы сынды жас өнерпаздар басты рөлдерді шебер сомдап шықты. Көрерменді сендірді. Көзге ыстық жас келтірді.



– Бұған дейін оқу орнында өтетін мерекелік іс-шаралардағы шағын қойылымдарда ойнадық. Сахнаның киесі мен ұлы өнердің құдіретіне деген шексіз махаббатымыз «Жансарайға» алып келді. Дана халқымызда «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» деген нақыл сөз бар. Біз үшін қоғамдық ой-сананың шарықтау шегі мен адами дүниетанымның жемісі болып табылатын театр өнерінің орыны бір төбе. Болмыс-бітімі әрқилы кейіпкерлердің рөлін ойнау арқылы мәңгілік сезімге толы бекзат өнердің қыр-сырын меңгере түсеміз, – дейді қойылымда Сәндігүлдің рөлін сомдаған Таңшолпан Маратқызы.

Ашылғанына 8 жылдың жүзі болған «Жансарайдың» алға қойған мақсаты биік. Жас өнерпаздар Жамбыл облыстық қазақ драма театрымен тығыз байланыс орнатып, кәсіби актерлермен шығармашылық бірлестікте жұмыс атқаруда. Өнер ұжымы осы уақытқа дейін Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы», Болат Ұзақовтың «Жанұя» және Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектакльдерін сахналаған болатын. Бүгінгі таңда театр студенттері тарихи қойылымдарға дайындалуда.








Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: