Лента новостей
0

Таразда педагогтардың инновациялық идеялар байқауы өтеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.03.2017 16:33 Zakon.kz
Үздік инновациялық жобалар республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу айналымына қатысуға ұсынылады.
Таразда «Педагогикалық идеялар мен инновациялық жобалар» атты аймақтық байқау өтеді. Іс-шара Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының мұрындық болуымен осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды zakon.kz, оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – жоғары оқу орны мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Сонымен қатар, өңір педагогтарын жаңашыл білім беру қызметіне ынталандыру, оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кәсіби түрде дамыту, ұстаздардың сапалы сандық оқу материалдарының қолжетімді базасын құру.

Сайыс «Үздік ашық сабақ», «Үздік флипчарт», «Үздік бейнесабақ», «Пәннің электрондық контенті» және «Инновациялы оқытушы» сынды аталымдар бойынша екі кезеңде өткізілмек. Жобалар 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында қабылданады.

Жұмыстар инновациялық идеяның өзектілігі мен танымдық құндылығы, мазмұнының жаңашылдығы, жобаның инновациялық түрде берілуі, тәрбиелік және даму аспектілері сынды өлшемдер бойынша бағаланбақ.
Заманауи мектеп алдына қойылған міндеттерді шешуде мұғалім жұмысының үлкен маңыздылығы бар. Бұл өз кезегінде педагогикалық шеберліктің шыңдалуын қамтамасыз етеді. Байқау инновация режимінде белсенді қызмет атқаратын ұстаздар үшін тамаша демонстрациялық алаң болып табылады.

Үздік инновациялық жобалар республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу айналымына қатысуға ұсынылады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: