Лента новостей
0

ОҚО-да экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.03.2017 23:30 Zakon.kz
Арман Сәбитұлы Сәбитов 1984 жылы туылған, білімі жоғары.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Арман Сәбитұлы Сәбитов 1984 жылы туылған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор.

Еңбек жолын «Азаматаудит» ЖШС аудиторлық мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2004-2011 жылдары аудитордың аға ассистенті, менеджер-жоба басқарушысы, Алматы қаласындағы өкілдік басқарушысы лауазымдарын атқарған.

2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етіп келеді.

Бұған дейін басқарманы Рақымберді Жанысбекұлы Мулкеманов басқарған.

Рақымберді Жанысбекұлы Мулкеманов 1975 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы мал шикізатын тауарлаушы инженер, қаржы және кредит, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қырғызмұнайзат» МАҚ-ның Токмак мұнай базасының экономист-менеджері ретінде бастаған.

1999-2009 жылдары жекеменшік секторда жауапты және басшы лауазымдарда қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының кәсіпкерлік, экономика және қаржы бөлімдерінің бастығы болып еңбек еткен.

2012 жылғы мамыр айынан Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімін басқарған.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: