Лента новостей
0

Спайс шегіп алған әйел көңілдесін өлтірген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.03.2017 17:01 Zakon.kz
Синтетикалық шегетін қоспа адамды есінен айырып, ақыл-ойын тежейді
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының 39 жастағы тұрғыны есірткі шегіп алып, көңілдесін өлтіргені үшін сегіз жарым жылға сотталды деп хабарлайды sputniknews.kz, YK-news.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алтайка ауылының тұрғыны үйінде азаматтық некедегі күйеуі және немере ағасымен бірге болады. Ортақ таныстары келгенде, әйел кендірді (конопля) сүтке қайнатып отырған. Әлгі адам синтетикалық шегетін қоспа – спайс ала келіпті. Төртеуі бірге қоспаны шегіп көрген екен.

"Есірткі шегіп алған үй иесі мен көңілдесі ұрысысып қалады. Ашу үстінде әйел көңілдесінің кеудесіне пышақ салған. Ер адам сол жерде көз жұмыпты", — деп хабарлайды басылым.

Сот айыпталушыны сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: