Горячие новости
Читайте также

Оңтүстікте ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 3,5 мың га артады

Ағымдағы жылы жаздық астықты 36,7 мың га егу межеленсе, бүгінге оның 10,8 мың га-ы егіліп, жұмыстар жалғасуда.

Фото : 28 марта 2017, 10:01
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Селекторлық отырыстың күн тәртібіндегі мәселе - «көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы» сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен (2016ж. – 788,8 мың га) салыстырғанда, биыл 3,5 мың га артып, 792,3 мың га құрайтынын айтты. Ал егістікті әртаптандыру бойынша 2016 жылмен салыстырғанда мал азықтық дақылдарының көлемі 7,2 мың га-ға (230,0 мың га), дәндік жүгері 7 мың га-ға (47,2 мың га) артса, сәйкесінше мақта дақылы 4,6 мың га (105,0 мың га), бидай 10,4 мың га (165,1 мың га) қысқаратын болады.

Басқарма басшысының мәліметінше, ағымдағы жылы жаздық астықты 36,7 мың га егу межеленсе, бүгінге оның 10,8 мың га-ы егіліп, жұмыстар жалғасуда. Осы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны таратуға 20 оператор анықталған. Ал жұмыстарды атқаруға қолда бар трактордың 85%-ы (16530 бірлік), соқалардың 95%-ы (2489 бірлік), дән сепкіштің - 90%-ы (2512 бірлік) дайын. Мұнан бөлек, қазіргі таңда өңірімізде 10,3 мың тн тыңайтқыш алуға өтінім түсіп, босатылса, егілген 165,1 мың га күздік астықтың 67,2 мың га-сы қоректендірілген.

Жиында Серік Ордабекұлы көктемгі дала жұмыстарына биыл жылдық пайыз мөлшері 6-8 пайызбен барлығы 2,5 млрд. теңге несие бөлінгенін жеткізді. Ал зиянкестерді жою бойынша химиялық өңдеу жұмыстарының көлемі былтырғыдан артып отырғанын айтты. Жалпы, облыс көлемінде жалпы ұзындығы 7067,2 шақырымдық 714 каналдың 2054 шақырымы механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді қажет етсе, бүгінде оның әзірге 1176 шақырымы тазаланған.

Баяндамашыны мұқият тыңдаған аймақ басшысы Ж.Түймебаев жер айдауда кешіккен аудандардың жұмыстарына көңілі толмады. Басқарма басшысының айтуынша, айдалуға тиісті 445,4 мың га-дың 367,1 мың га-ғана айдалған. Жұмыстарды тиісті деңгейде атқармаған аудан, қалалардың арасында Шымкент (27%), Кентау (50,2%), Ордабасы (58,2%), Түлкібас (42%), Төлеби (68%) және Созақ (69,3%) аудандары тұр.
Мұнан өзге, әкім сынға алған мәселелердің бірі наурыз айының соңына дейін таратылып бітуі тиіс арзандатылған жанар-жағармайды жеткізу жайы болды. Мәселен, бөлінген жанармайдың Түркістан, Түлкібас, Шардара, аудандарында 3-5 пайызы ғана алынса, Мақтаарал ауданы мен Кентау қалаларының шаруаларына дизельдік отын тиісті деңгейде жетпеген. Осындай олқылықтарды тізген өңір басшысы үлгермеген аудан, қала басшыларына жанар жағармайды 5 сәуірге дейін таратып бітуді жүктеді.

Айта кету керек, бүгінгі аппараттық отырыста, мұнан бөлек, шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының барысы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар және 2016 жылдың қорытындысы бойынша индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайы қаралды.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии