Лента новостей
0

Алматыда бір топ бұзақы ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2017 21:31 Zakon.kz
Бұзақылар оқиға орнынан көлікке мініп қашқанымен, алысқа ұзай алған жоқ.
Алматыда бұзақылар қала тұрғынын сабап, көлікке мініп қашып кетеді. Полиция "Ұстау" жоспарын жариялап, бұзақылардың ізін суытпай қолға түсірген, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиғаны көзімен көргендер құқық бұзушыларды ұстау сәтін бейнежазбаға түсіріп алыпты Жәбірленушінің полицияға берген түсініктемесі бойынша, Райымбек және Байзақов көшелері маңында бірнеше жігіт жақындап, шылым сұрайды. Содан соң әлгі жігіттер ер адамды жабылып сабап, қалтасындағы ұялы телефонын тонап кеткен.

Бұзақылар оқиға орнынан көлікке мініп қашқанымен, алысқа ұзай алған жоқ. Қалада "Ұстау" жоспары жарияланып, сәлден соң құқық бұзушылар Алматы-1 теміржол вокзалы төңірегінде қолға түсті. Күдіктілердің бірінен ұрланған телефон табылды. Полиция ұсталғандарды Алматы АІІБ алып кеткен.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: