Лента новостей
0

ОҚО әкімі «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2017 18:22 Фото: zakon.kz
Тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдаған облыс әкімі халықты мазалаған бірқатар мәселелердің шешімін табудың заңды жолдары қарастыру үшін тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкмінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық қабылдауға келген өңір тұрғындары ауылдық жерлерде емхана ашуды сұраса, бір қатары білім және ғылым саласының жайын айтып, дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы айтылған ұсыныстар назарға алынатынын айтып, мәселелердің заң аясында оң шешімін табатынын жеткізді.

Мәселен, Төлеби ауданы, 1–мамыр елді мекенінің тұрғыны Қапалбай Мырзақұлов 20 мыңға жуық халқы бар ауыл округіндегі емхананың ескіргенін айтып, жаңа емхана салуға қажетті қаражат бөлуді сұрады. Облыста жыл сайын әлеуметтік нысандарды оның ішінде денсаулық сақтау нысандарын салуға айрықша көңіл бөлініп келетінін айтқан әкім ақсақалдың ұсынысы ескерілетінін айтты.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында жаңадан заманауи типтегі онкологиялық, туберкулезге қарсы ауруханалар мен симуляциялық орталықтың құрылысы жүргізілетін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алдағы бес жылда облыста 10 нысанның құрылысы іске асатын болады.

Мұнан соң, қоғамдық қабылдауға келген Алматы қаласының тұрғыны, қазақ театрының іргетасын қалаушы, сыншы, драматург Жұмат Шаниннің немересі Райхан Шанина атасына облыс орталығындағы академиялық театр алдынан ескерткіш орнату жайын айтты.

Осы ретте аймақ басшысы театр тарланының 125 жылдық мерейтойына орай облыста 20 мәдени іс-шараның жоспарланып отырғанына тоқталып, ескерткіш орнату жөніндегі ұсыныс ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жолданғанын жеткізді.

Қоғамдық қабылдауда облысымыздағы ЖОО-дағы маман даярлау ісі және білім сапасы жөнінде де сөз қозғалды. Осы тұста өңір басшысы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті филология және тарих факультетінің деканы Нариман Нүрпейісовпен пікір алмасып, алдағы уақытта ұсыныс күтетінін айтты. Қабылдау соңында декан облыс әкімін оқу орнында лекция оқуға арнайы шақырды.

Тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдаған облыс әкімі халықты мазалаған бірқатар мәселелердің шешімін табудың заңды жолдары қарастыру үшін тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: