Лента новостей
0

Кәсiби триатлоншылар арасында үздiктер анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.07.2017 21:40 Zakon.kz
Жарысқа барлығы 155 адам қатысуда.
Астанада өтiп жатқан триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатында кәсiби триатлоншылар арасындағы жарыс жеңiмпаздары анықталды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Кәсіби санаттағы ресейлiк спортшы Иван Тутукин мәреге бiрiншi болып келдi. Қазақстандық триатлоншы Максим Крят екiншi орын алса, үшiншi орынды украиналық Виктор Земцев иелендi.

Сондай-ақ, «Астана» командасының бұрынғы көшбасшысы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуров чемпионаттың 90 шақырымдық қашықтықтағы веложарыс кезеңінде жеңіске жетті.

Жарысқа барлығы 155 адам қатысуда. Олар 1,8 шақырымды жүзіп өтіп, 90 шақырымды велосипедпен бағындырып және 21,5 шақырымды жүгіріп өтуi тиiс. Командалық жарысқа 3 адамнан 19 топ қатысып отыр.

Атап өтсек, бүгiн Қазақстан Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов барлық қатысушыны, ұйымдастырушылар мен көрермендерді чемпионаттың ашылуымен құттықтаған болатын.

Фото: Бауыржан Жуасбаев.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: