Лента новостей
0

Ақбөкендерді атқандарға қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.08.2017 18:41 Zakon.kz
Киелі жануар киіктің мүйізін сатқан және сатып алған адам кем дегенде 3 жыл бас бостандығынан айырылып және оның мүлкі тәркіленеді.
Киіктер кеміп барады. Жыл басынан бері ақбөкендерді атқандарға қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған. Броконьерлердің басым бөлігі - бұл жануарды мүйізі үшін аулайтын көрінеді. Өйткені, Алматының өзінде оларға деген сұраныс көп, деп жазады Алматы телеарнасы.

Бұл киелі жануар киіктің мүйізі. Арам пиғылды аңшылар 52 бас малды дәл осы мүйізі үшін қырып тастаған. Заңды белшеден басқан бұлар, ақбөкендерді аулау үшін ешнәрседен тайынбайды. Тіпті, хайуан тұрмақ адамға да оқ атып, ақшаның астында қалғылары келеді. Қитырқұқы әрекеттеріне тосқауыл қою үшін инспекторлар тәуілік бойы броконьерлердің ізін қуады. Бұл бассыздыққа барғандардың үстінен жыл басынан бері 28 іс қозғалған. Оның ішінде 258 киікті мүйізі үшін атса, 276 еті үшін бауыздаған. Мемлекетке келтірген шығын да шаш етектен.

«Қылмыстық іс бойынша бөкен бойынша 2015 жылы 48, 2016 жылы 47, 2017 жылы 28 қылмыстық іс бойынша азаматтар ұсталынды. Басты мақсатымыз оларды ұстап, ішкі ісітер органдарына өткізу. Кедергі болатыны кейбір қылмыстық іс аяғына дейін жетпей, кем дегенде тең жартысы тоқтап қалады»,- деді «ОХОТЗООПРОМ» ӨБ» РМҚК бас аңшылықтанушы, Мұхит Тұрсынханұлы.

Кейде қылмыстық жауапкершіліктен броконьерлер мемлекетке келтірген шығынды өтеп қана құтылады екен. Ұрғашы киікті атқандар 150, ал текесіне тиіскендер 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл арқалайды. Ал ерекше қорғалатын қорықтағы ақбөкендерді аулағандар бұдан 40 есе көп ақша төлеуге міндетті. Бүгінгі таңда қазақ даласында 152 мың 600 бас ақбөкен бар. Былтыр болса олардың саны 108 мың 300 еді.

«Күндіз-түнгі күзет қызметтерінің арқасында саны өсіп келе жатыр. Бетбақдала қауымдастығында 2015 жылы жаппай қырылу болды. 2016 мен 2017 жылғы есепте 30 мыңнан 51 мыңға көбейді. Жыл сайын Бетпақ дала мен Орал қауымдастығы 20 мыңға өседі»,- деді «ОХОТЗООПРОМ» ӨБ» РМҚК есеп бөлімінің қызметкері, Рамазан Бақтияр.

Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін бір келісін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Әйтсе де, оңай олжа тапқысы келетіндердің қаптап кетуі оның құнын да қалаған кезінде күрт түсіріп жібере салады. Сатып адламын деген жарнаманы жаппай жабыстыратындар үнемі телефон нөмірлерін ауыстырып ұстатпаудың амалын жасайды.

Тарихи жазбаларға сүйенсек, киік мүйізі 12-ғасырдан бері Қытай медицинасында үлкен сұранысқа ие. Сұраныс содан бергі кезеңде артпаса еш кеміген жоқ. Шығыс медицинасында аталық киіктің мүйізі сан түрлі сырқатқа дауа деген ой қалыптасқан. Әйтсе де бұл жаңсақ пікір дейді мамандар.

«Ақбөкеннің негізгі өмір сүретін ортасы ол Қазақстан. Сондықтан, оны сақтап қалу мәселесі біз үшін өте маңызды. Енді он кәсіп ретінде қыратын болса онда түкте қалмайды. Ол өте әлжуаз. Былтыр 100 мыңдап қырылып қалды. Бір жерден су шықпай бір жерден шөп шықпай қыры өртеніп кетсе ақбөкен өле салады»,- деді Қоғам белсендісі, Дәурен Бабамұратов.

Айта кетерлігі, киелі жануар киіктің мүйізін сатқан және сатып алған адам кем дегенде 3 жыл бас бостандығынан айырылып және оның мүлкі тәркіленеді. Мамандар, тіпті, заң бойынша үйде де сақтауға болмайтынын ескертеді.

Әйкерім Ердәулетқызы, Рәшит Шүкірәлиев

Фото: khabar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: