Лента новостей
0

Сыбайлас жемқорлық тұсау салу қажет

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.08.2017 19:07 Фото: zakon.kz

 Сыбайлас жемқорлық тұсау

салу қажет

 

Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою, мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп келеді. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл дертпен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты 14.12.2012 жылғы тәуелсіздік күні қарсаңында халыққа арнаған жолдауында Елбасымыз мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыруды және ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа 7 басым міндеттеріне сай болуы тиіс екендігін мақсат етіп қойды. Басым міндеттердің бірі ретінде мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз -жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейту керек екенін айта келе Елбасы өз жолдауында құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға тиіс екенімізді көрсетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте кешенді шаралар атқарылу керек, соның бірі-жариялылық. Халық қылмыс фактілерінен де, оны жасағандарды да дер кезінде молырақ біліп отырса, қоғамның істің нәтежиесіне деген сенімі күшейеді.

Алда тұрған мақсатты жүзеге асыру тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы, бүкіл қоғамның алдында тұрған аса күрделі де қасиетті міндет.

 

ШҚО Катонқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.К.Жансултанова

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: