Горячие новости
Читайте также

СҚО-да заңсыз жүрген 64 шетелдік ел аумағынан шығарылады

Үш күндік тексерудің қорытындысы бойынша, көші-қон заңнамасының бұзылуы тұрғысынан 170 жағдай тіркелген.

Фото : 4 августа 2017, 09:48
Солтүстік Қазақстан облысының көші-қон полициясы «Гастарбайтер» жедел алдын алу шарасын қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

СҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, үш күндік шараға ішкі істер органдарының барлық күші жұмылдырылған. Әсіресе, шетелдіктердің ұйыса өмір сүретін орындарына баса маңыз беріліп, жұмыс берушілердің, шетелдіктерге делдалдық қызмет көрсететін адамдардың жұмысы тексерілген.

Үш күндік тексерудің қорытындысы бойынша, көші-қон заңнамасының бұзылуы тұрғысынан 170 жағдай тіркелген. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517 бабы бойынша 169 шетелдік жауапқа тартылған. Сот қаулысымен 8 шетелдік ел аумағынан шығарылды.

«Сонымен қатар, жұмыс берушілер қатарындағы 25 ҚР азаматы ҚР ӘҚБК 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Жеке куәліксіз және ешқандай құжатсыз жүрген ҚР 116 азаматы да полицияның назарына ілікті. 64 шетелдік азаматтың уақытша тұру мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды. Заңсыз көші-қонға қатысты күрес жалғасын таба береді», - деп хабарлайды Талғат Әбілов.

Фото: inform.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии