Лента новостей
0

Шымкентте құлдықта болған бойжеткен құтқарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.08.2017 10:37 Zakon.kz
Жас қыз амалдың жоқтығынан алаяқтардың айтқанына көніп келген.
Шымкентте тәртіп сақшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері құлдықта болған бойжеткенді құтқарды. Алматылық аруды жеңгетайлар ұзақ уақыт ұрып-соғып, бір бөлмеде қамап ұстаған, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Жас қыз амалдың жоқтығынан алаяқтардың айтқанына көніп келген. Іске орталық қызметкерлері араласып, оны күдіктілердің қолынан босатып алды. Жәбірленушіге заңгерлер мен психологтар тегін кеңес беріп жатыр. Қоғамдық ұйымның адам саудасына қатысты жасаған жобасы үздік деп танылды. Үкіметтік емес ұйымның әлеуметтік бастамасына мемлекет қаржылай қолдау да көрсеткен. Соның арқасында іскер қыз-келіншектер өзгенің қолынан жәбір көрген 24 азаматқа көмектесіпті. Оның арасында құлдыққа жегілгендер мен зорлық көргендер де бар.
- Мен тіпті есік алдына шығуға қорқатынмын. Түнде ұйқыдан қалдым, қорқынышты түстер көретінмін. Орталық қызметкерлері, әсіресе психолог көбірек қол ұшын созуда. Жуырда оқып қолыма массажист деген сертификат алдым. Енді ел қатарлы жұмысқа тұрып, жаңа өмір бастасам деймін,- деді жәбірленуші Виктория.

- Бұл жоба дәл қазіргі уақытта өте қажет деп ойлаймын. Өйткені бізде осындай жағдайға душар болып, ортадан қол үзіп қалатын жандар көп. Олар өз күшімен қоғамға орала алмайды. Осы жобаның арқасында біз күні бүгінге дейін, яғни 2016-2017 жылдары 24 азаматты өз ортасына қайтардық,- деді «Сана-сезім» әйелдер бастамалық-құқықтық орталығының вице-президенті Шахноза Хасанова.

Фото: Рен ТВ
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: