Өскеменнің «өрмекші адамы» жайында не білеміз?

Zakon.kz Zakon.kz
Биіктен қорықпаймын. Бала кезімнен көпқабатты үйлердің шатырына шығып ойнайтынмын, әрине, балалық қой.
Өскеменге алғаш келген адамның көзіне ең алдымен зауыттардың түтіні будақтаған мұржалары шалынады. Өндірісті шаһарда бірнеше алпауыт өндіріс орындары бар, мұржаларының биіктігі 200 метрге дейін жуықтайды. Сол мұржалардың ұшар басына шығып, еңбек ететін мамандық иелері – өндірістік альпинистер.

Солардың бірі – Юрий Ван осы іспен бес жылдай айналысып келеді. Алғашында ғимараттардың шатырын, қасбеттерін жөндеу сияқты өз сөзімен айтқанда «төмендегі» жұмыстардан бастаған, деп жазады altaynews.kz.

Бір жарым жылдан соң ысылып, әжептәуір тәжірибе жинаған оны биіктегі шаруаларға жұмсапты. Ол үшін арнайы оқытудан да өткен. Жалпы, бұл істе ең бастысы – қауіпсіздік. Сол себепті бұл мамандықты таңдаған адам әркез оқуға, үйренуге тиіс, психикалық, физикалық тұрғыда мықты болуы керек.

–Өскемендегі «Қазцинктің» 120 метрлік мұржасының ең басына шығу бақыты бұйырды. Ол – темір-бетоннан жасалған труба, бірақ ең ұшы ыстыққа төзімді кірпіштермен қаланған екен. Сол кірпіштер табиғат әсерінен тозып, мүжіліпті. Біз ескі кірпіштерді қопарып, жаңасын қаладық. Жұмыстың ауырлығын айтпай-ақ қояйын, жалпы еңбектің жеңілі жоқ қой. Бұл істің өз қызығы, өз романтикасы бар. Биікте теңселіп тұрып төменге көз тастағанда, бүкіл шаһар сенің алақаныңда тұрғандай көрінеді, әсер ерекше!Қаланы, көркем ғимараттарды биіктіктен көреміз. Ол сұлулықты сөзбен түсіндіру үшін тіл байлығым жетпейтін шығар. Таңның атқаны, күннің батқаны, көліктердің қозғалысы, жердегі адамдардың қарбалас тіршілігі, жалпы биіктіктен бақылау қызық, – дейді Юрий.

Десекте, Юрийдің есінде ерекше сақталғаны – Екібастұздағы электр станциясының 330 метрлік мұржасының ұшар басына шығуы. Ол әлемдегі ең зәулім он мұржаның бірі саналады екен. Атап өтерлігі, дүние жүзіндегі ең биік мұржа нақ сол Екібастұзда орын тепкен, оның биіктігі – 420 метр. Оған шығуға тек кәнігі кәсіби мамандарға ғана рұқсат беріледі.

–Биіктен қорықпаймын. Бала кезімнен көпқабатты үйлердің шатырына шығып ойнайтынмын, әрине, балалық қой. Ол кезде ненің қауіпті екенін түсіне бермейсің. Жалпы, биіктен қорқатындар мұндай жұмысқа жоламайды да. Бір қызығы,мұржаның басы желді күндері шайқалып тұрады, жерден қарағанда ол әрине байқалмайды, бірақ үстінде тұрғанда жақсы білінеді. Өкінішке қарай, жұмыс барысында жазатайым жағдайлар да болып тұрады. Мәселен, Өскемендегі зауыттардың бірінің мұржасын бояп жатқан кезде бір жігіттің киімі лап етіп өртеніп кетті. Сөйтсек, сол жердегі электр сымдарында ток болған, ал жұмысшының үстіне жанғыш бояу сіңіп қалған екен. Оны біз білмегенбіз, абырой болғанда,ол аса ауыр жарақат алған жоқ, – дейді Юрий.

Юрий Ван еліміздің өзге қалаларында да жұмыс істейді, өйткені бұл мамандық иелері өте аз және сұранысқа ие. Әлбетте, алатын жалақылары да жақсы. «Қазақстанның қай қаласында жүрсем де, Өскеменімді сағынамын!» дейді Юра.

Фото: altaynews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления