Лента новостей
0

Шымкент зообағында 17 жылдан кейін тазқара құсы балапан шығарды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.09.2017 14:21 Фото: zakon.kz
Бақтағы төрт тазқараның ішінде біреуі жұптасып наурыз айында жұмыртқа салған.
Шымкент зообағында тазқара құстары көбейіп келеді. Жуырда ғана қанаттылардың осы түрі балапан шығарды. Мамандар оның зообақта көбеюін өте сирек құбылыс деп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, мұнда соңғы рет тазқаралардың балапан шығаруы 1999-2000 жылдар аралығында болған екен.

Бақтағы төрт тазқараның ішінде біреуі жұптасып наурыз айында жұмыртқа салған. Соны бақылаудың нәтижесінде рационды күшейтіп, яғни берілетін қоректің құрамы құнарланды.

Көп ұзамай тазқара бір балапан ашып шықты. Бүгінде көптен күткен балапанға «Қарабай» деп ат қойылған. Қазіргі таңда мамандар оның жағдайы жақсы, алдағы уақытта үлкен тазқаралардың қатарына қосылады деп отыр.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: