16 аспапты меңгерген жігіт әлі де бұл тізімді толықтырмақ ниетте

Zakon.kz Zakon.kz
Әмбебап өнерпаз өзі меңгерген әр аспапты кез-келген уақытта саусақпен санап беруге дайын.
Есімде, кезінде атам жетектеп мені домбыра үйірмесіне апарған еді. Бала кезде 1-2 күй меңгерген cоң, кейін жалқаулығым ұстап қос ішекке саусағымды тіпті тигізбей кеттім. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз бір емес 16 аспапты жетік меңгерген мульти-аспапшы. Таңқалмасқа шара жоқ. Бұл туралы stan.kz, НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылған ақпарға сілтеме жасап хабарлайды.

Серік Нұрмолдаев домбыраны екі жасында қолына алып, кейін музыкалық мектеп қабырғасында фортепиано және сыбызғыны үйреніпті. Ал, бүгінде бұл тізім 16-ға жетіп жығылған. Әмбебап өнерпаз өзі меңгерген әр аспапты кез-келген уақытта саусақпен санап беруге дайын.

“Домбыра бар, шіңкілдек бар, шертер деген аспап бар, үш ішекті домбыра”, – дейді музыкант.

Сонымен қатар, бұл тізім сазсырнай, жетіген, шаңқобыз, және сыбызғы сынды тағы басқа бірнеше аспаптармен толығады. “Ол енді тоқтаусыз жүретін дүние. Қалай аспап қолымызға түседі, солай бірден меңгеруге тырысамыз”, – дейді ол.

Әрдайым ізденісте жүретін өнерлі жігіт, бүгінде ұстаздық қызмет те атқарып, шәкірттер тәрбиелеуде. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын насихаттауда аянбай тер төккен Серіктің талантты жастарға берер кеңесі бар.

“Ешқашанда қызығушылықты жоғалтпау керек аспапқа деген. Домбыраның өзін мен қазіргі таңда 28 жыл оқып келе жатырмын. Сыбызғы аспабын 15 жылдан асты. Әлі де оқып келе жатырмын. Демек бұл тоқтаусыз процес”, – дейді музыкант Серік Нұрмолдаев.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления