Лента новостей
0

Ќылмыстыќ зањныњ кері кџші

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.09.2017 14:12 Фото: zakon.kz

Қылмыстық заңның кері күші

 

Заңның кері күші, құқықта - заңды ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолдану. Әдетте, заңның кері күші болмайды, яғни ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қатысты қолданылмайды. Белгілі бір оқиғаға қатысты осы оқиға орын алған сәтте күшінде болған заңды қолдану қажет. Бұл ереже құқық субъектілері арасындағы қарым-қатынастар тұрақтылығына, ел азаматтарының құқықтық жағдайының тұрақтылығына, елдегі құқықтық тәртіптің беріктігіне деген сенімді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, жауаптылықты белгілейтін немесе ауырлататын заңның кері күші жоқ. Жасалған сәтте құқық бұзушылық деп танылмаған әрекет үшін ешкім де жауапқа тартылмайды. Егер құқық бұзушылық әрекет жасалғаннан кейін ол әрекет үшін жауаптылық жаңа заң нормасы бойынша жойылса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң нормасы қолданылады, яғни заңға кері күш беріледі. Бірақ заң нормаларын осылай қолдануға болатындығы сол заңның өзінде не оны қолданысқа енгізу туралы актіде ескертілуге тиіс. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5-бабы бойынша, әрекет қылмыстылығын, жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін қылмыстық заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті жазасын өтеп жүрген немесе өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қатысты қолданылады. Әрекеттің қылмыстылығын белгілейтін немесе адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды. Егер жаңа қылмыстық заң жазасын өтеп жүрген адамның сол жазасын жеңілдететін болса, онда бұл жаза қылмыстық заңда көзделген шекте қысқартылуға тиіс.[1]

Қылмыстық заңның кері күші (ағыл. retroactive force of the criminal law; нем. zuruckwirkende Kraft eines Strafgesetzes) - Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын жауаптылықты немесе жазаны женілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттін жазаланатындығын жеңілдетсе, тағанындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс.

Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамныңжағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды. Құқық адамдардың еркін мінез-құлқына әсер етуі арналған, ол құқықтық реттеу пәні болып қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықпен реттелетін және өзінің жиынтығында қылмыстық құқықтық реттеуді құрайтын қоғамдық қатынастар. Негізгі 3 түрін бөліп көрсеткен: қорғаушылық, жалпы ескертушілік және реттеушілік. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру және қылмыс оқиғасымен байланысты жаза, сонымен қатар жазаны тағайындауға оны өзгерту қылмыста жауапкершілікті және жазадан босату қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар қылмыс жасаумен байланысты пайда болады. Қылмыс жасаған тұлға заң қылмыс жасаумен байланыстыратын қолайсыз зардаптарды міндетті түрде өткеру қажет. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндетті. Ал сот қылмыстық жаза орын алмастыратын шара тағайындайды. Бұл қатынастар құқықтық нормалармен реттеледі. Жалпы реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар нормаларда көзделген жазалау қаупімен моральдық тұрақсыз тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтап қалумен байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқықтық тыйым анықталмаған тұлғалар шеңберінде қылмыс жасаудан тоқталу міндетін жүктейді.Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастарды азаматтарды қоғамдық қауіпті қол сұғудан қорғану кезінде қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін зиян тигізу құқықтарына ие қылатын қоғамдық қатынастар. Берілген құқықтық қатынастар реттеушілік нормалар негізінде құрылады және бір уақытты және саяси пайдалы болып табылатын тұлғалардың құқықтық мінез құлықтарын реттейді.Қылмыстық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлері оларды реттеуді өзіндік әдісіне сәйкес келеді. Қылмыстық саясат келесідей ережелерге негізделген: қылмыстың алдын алу қылмыспен күресудің негізін құрайды· қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік болуы керек· қылмыспен күрес заңдылықтардың қатаң сақталуымен жүргізілуі· қажет қауіпті және аса қауіпті қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына ауыр· және ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазаның қатаң шаралары қолданылуы қажет ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстармен күресуде бас· бостандығынан айырумен, сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысы жоқ әсер ету шаралары ерекше орында орын алуы қажет болуы шарт қылмыспен күрес қалың бұқараның тартылуымен жүзеге асырылуы· керек. Қылмыстық саясаттың нақтыландыру нысандары мыналар: 1) заң шығарушылық (1-ші кезекте қылмыстық, қылмыстық іс- жүргізушілік, қылмыстық атқарушылық) 2) құқық қорғанушылық (құқық нормеларын қолдануда қылмыстық әділет органдарының тәжірибелік қызметі) 3) қылмыспен күресуге және оның алдын алуға бағытталған бұқараның қызметі 4) құқықты насихаттау мен құқықтық тәрбиедегі бұқараның және мемлекеттік органдардың қызметі. 2 Дәріс. Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттердің қылмыстық құқығының түсінігі және тәсілдері 1) Әлемдік кеңістіктегі қылмыстық құқықтың негізгі бағыттары. 2) Қылмыстық құқықтың негізгі мектептері. 3) Англо-саксондық қылмыстық құқық жүйесі. 4) Романо-германдық қылмыстық құқық жүйесі. 1.Қылмыстық заң қылмыстық құқық қағидаларымен жалпы ережелерін қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып табылатыны және қылмыс жасағаны заң нормалардан тұратын ҚР-ң Парламенті қабылдаған заң шығарушылық акт. Заң - бұл а) ерекше тәртіпте қолданылатын биліктің жалпы мемлекеттік өкілетті органның б) ҚР-сы халқының еркін тікелей және тура білдіру в) аса мәнді және маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші г) жоғары заң күшін иеленуші акт. Қылмыстық заңды тұлғаны қорғау оның құқықтары мен босатндықтарын қорғау меншігін табиғи ортаны, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, бүкіл құқықтық тәртіпті қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар адамзат қауіпсіздігі мен тәрбиелілігін қорғауға көмек көрсетеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын алу азаматтарды республика заңдарын және Конституцияны сақтау рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Қылмыстық заң қылмыс болып табылатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жазалау қаупімен тыяды. Сонымен қатар ол сәйкес органдар лауазымды тұлғаларға әрекетте қылмыс белгілерінің бар болуын және кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды негіздердің басуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуды ұйғарады. Қылмыстық құқықтық нормалардың ескертушілік қызметі онда санкцияның белгіленуінде негізделеді - жасаған әрекет үшін жазалану мүмкіндігі. Осыған байланысты қылмыс жасай алатын тұлғаларға ескертушілік тәрбиелік әсер ету. Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау. Тәрбиелеу қылмыс жасаған адамдарға шыдамаушылық жағдайын қалыптастырған. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі. Адаммен жасаған әрекетті қылмыс деп тану және осы тұлғаға қылмыстық жаза қолдануды тек заңмен анықталған жағдайда жүзеге асырылады.Ал қандай да болмасын басқа нормативтік актілер соттық прециденттер негізінде немесе соттың қарауына байланысты шешілмеуі керек. Әрекеттік қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау сияқты мәселелерде заңдылық қағидаларын бұлжытпай сақтау қажет.

 

 

Қарағанды облысы бойынша

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маман- сот

отырысының хатшысы С. Капанова

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: