Лента новостей
0

ШҚО-да әйел талдардың арасынан екі ер адамның денесін тауып алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.09.2017 16:19 Zakon.kz
Қанішерлер оқиға орнынан қашып кетеді.
ШҚО-да екі адамды айуандықпен өлтіріп, жанармай құю бекетінің жанындағы талдардың арасына тастап кеткен. Мәйіттерді дәретханаға бара жатқанда әйел кездейсоқ тауып алады. Бұл туралы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сот материалдарынан белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Әйел күйеуімен бірге облыс орталығынан Шемонайха ауданына қайтып келе жатады. Көлік жанармай құю бекетіне тоқтаған кезде әйел жанармай құю бекетінің жанындағы қалың шөптің арасынан екі ер адамның денесін байқап қалады. Ол шошып кетіп, болған жағдайды күйеуіне айтады. Күйеуі жанармай құю бекетінің күзетшілерінен полиция шақыруын сұраған.

Полияция қызметкерлері екі ер адам кісі қолынан қаза тапқанын анықтады. Олар көп ұзамай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Өскемен қаласының екі жұмыссыз тұрғынын ұстайды.

Оқиға былай болған. Жанармай құю бекетінің маңайында бір топ адам ішімдік ішкен. Араларында біреуі арақты жасырмақ болғанда жанжал басталады. Ол «мұны сендерге алған жоқпын» дейді. Оған 28 жастағы «досы» ашуланып, бөтелкемен басынан бір қойып, бірнеше рет соққы жасайды. Сарапшылар бірінші мәйіттің денесіне 19 жерден жарақат салынғанын анықтайды. Куәгердің бірі ашулы жігітті тоқтатпақ болғанда жігіт оған да тарпа бас салып, бөтелкенің сынығымен кескілеп тастайды. 26 жастағы қаскүнемнің досы да көмекке келіп, зардап шегушіні бізбен ұрғылай бастайды. Қайтыс болған екінші ер адам 82 жерден жарақат алған.

Қанішерлер оқиға орнынан қашып кетеді. Көп ұзамай полиция оларды ұстайды. Сот оларды 16 және 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады. Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Фото: Baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: