Лента новостей
0

Жаныңда жүр жақсы адам

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.10.2017 16:09 Zakon.kz
Әр заманның ағымына қарай адам баласы өмір сүреді және сол кезеңнің құндылықтарын қабылдайды. Дегенмен де ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілсе тәрбие де маңыздылығын жоғалтуы мүмкін екенін ұмытпасақ болғаны...
Керімбаев Мұрат Қабдоллаұлының қысқаша өмірбаянына үңіліп көрейік. 1950 жылы 12 – шілдеде бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Отбасының тұңғышы болғандықтан ба бала кезінен ширақ және белсенді болып өседі.

Мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап, футбол, волейбол, күрес сияқты спорт түрлерімен шұғылданады. Еңбек жолын бір жылдық педогогикалық курсты тамамдағаннан кейін 1967 жылы Ақсуат орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1968-1970 жылдары Совет Армиясы қатарында болып, 1972 жылға дейін Ақсуат орта мектебі және спорт мектебінде ұстаздық етті.

Осы жылдар аралығында самбо, еркін күрес түрлерінен одақтық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып жеңімпаз атанды және КСРО спорт шеберлігіне үміткер нормативінн орындап, 1968 жылы Алматы қаласында өткен алғашқы жасөапірімдер арасындағы республикалық біріншілікте, Абай Құнанбаевтың 125 жылдық, Семей қаласының 250 жылдық мерей тойларында қазақша күрестен 55 кг салмақ дәрежесінде чемпион болып, қазақша күрестен спорт шебері атанды. Мұратбек ағамыздың спортта жүріп, қазіргі Ресей Президенті Владимир Путинмен кілемде кездескені туралы тілші Х.Сатиев Семей таңы» газетінің 12 наурыз 2012 жылғы санында жариялаған мақала арқылы оқырманға мәлім болды.

Мұратбек ағамыз С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тамамдағанға дейін 1973-1978жылдары Ақсуат аудандық ауыл-шаруашылығы басқармасында заңгер, комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, бірінші хатшы қызметін атқарды. Комсомолдар съезіне делегет, аудандық советтің депутаты болғаны – қоғамдағы белсенділігін танытса керек.
1980-1987 жылдары Ақсуат, Жарма аудандық сотының төрағасы, 1987-1996 жылдары Семей облыстық Әділет басқармасының бастығы міндетін атқарушы және бірінші орынбасары, Семей облысының мемлекеттік бас арбитрі, облыстық Төрелік соттың төрағасы, Семей облыстық сотының шаруашылық істер алқасының төрағасы, судьясы қызметтерін атқарды. 1997-1998 жылдары Семей қаласының өндіріс кәсіпкерліктерінде құқықтық кеңесші, Ақмола облысы және Астана қаласының Әділет басқармасында басшылық қызметтерде болды.
Бұдан кейінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай, Көкпекті, Зайсан аудандық соттарының төрағасы болып әділ сот төрелігін жүзеге асыруға өзіндік үлесін қосты.

Сот жүйесінде 20 жылдан артық, Әділет саласында10 жылдан артық жиыны 30 жыл заңгерлік салада кіршіксіз еңбек етіп, «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдары мен «Үш би» төсбелгісімен марапатталған. Тарбағатай ауданының құрметті азаматы.

Қазіргі уақытта жұбайы Сәбитова Әлия Ислямқызы екеуі зейнетте. Балалары Жанна – филолог, Дархан – финансист, Ажар – заңгер, Дидар экономист. Ал Мұрат ағамыздың әкесі – Керімбаев Қабдолла Б.Момышұлының көмекшісі (байланысшы-ординарен), қайын атасы – Сәбитов Ислям Қасым Қайсеновтың ұстазы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі болғанын біреулер білмеуі де.

Ағамыз асқаралы 60-тан асып, жетпіске таяп қалды. Осы ретте бойынан кейінгілерге үлгі болар сан түрлі мінез үйлесім тапқан тұлға туралы өз білгенімді жеткізсем деген тілек қана. Ол туралы шағын мақала да түгел айтып тауысу әрине мүмкін емес.

Тарбағатай ауданында 2010 жылы болған су тасқынынан туындаған «төтенше жағдайлар» кезіндегі Семей қаласында құрылған қоғамдық штаптың бел ортасында жүріп, зардап шеккендерге көмек қолын созғанын мұндағы жұрт әлі күнге айтып отырады. Бұның сыртында өзінен кейінгі әрәптес іні-қарындасқа деген жанашырлық бауырмалдылығын қосыңыз.

Туған елге, ағайын-туысқа, бірге өскен ауылдастарына деген ықыласы мен махаббаты арқылы бойына адамгершілік пен қатар қайтпас қажыр-қайратты жинаған әріптес ағаға деген жылы лебізімді «Жанымызда жүр жақсы адам» деп аяқтауды жөн көрдім.

К.М.Садуакасова, Тарбағатай аудандық сотының төрағасы

Фото: control.dnews.dn.ua
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: