Лента новостей
0

Есің болса, есірткіге жолама

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.10.2017 16:49 Zakon.kz
Ұрпақ қамын ойлаған әрбір азамат есірткіге қарсы қолдан келген барлық шараларды жасауы қажет.
Қазіргі кезде көзге көрінбей қоғамға бірте-бірте еніп, ішінен бүлдіріп жатқан аурудың бірі - ол жас буынның есірткінің құрбаны болуы. Есірткінің зияны мен зардаптары қанша айтылып, жазылып жүрсе де, оны қолданушылар саны азаяр емес. Біреулер бұған ерігіп барса, енді біреулер мәжбүрліктен барады. Мәжбүрліктен баратындар – олар есірткі тасымалдаушылар. Әдетте соңғылары жиі ұсталып, жазаларын алып жатады. Ал осының түпкі тамырын анықтап, жою құзырлы органдармен бірге, әр адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек.

Осы жаман әдетті тоқтатуға қанша тырыссақ та, оған үйір жастар саны әлі де болса азаймай келеді.

Заңға келетін болсақ, ұсталған адамдар жауапқа тартылуда. Бірақ одан есірткімен айналысуды тоқтатып жатқандары шамалы.

Есірткіні немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, имеденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасының Әкімшлілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 420, 421, 422 және 423-баптары осы есірткі затына арналған.

Қарапайым көпшілік назарына осы баптардың атауларын айта кеткенді жөн деп есептеп отырмын, себебі осы атаулардан қандай іс-әрекет әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын білсе деген оймен.

Олар, 420-бап «Жабайы сораны жоюға шара қолданбау», 421-бап «Құрамында есірткі бар егістіктерді күзетуді қамтамасыз етуге шаралар қолданбау", 422-бап «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау», 423-бап «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау».

Аталған баптар бойынша заңда әртүрлі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

Сонымен қоса көпшілік назарын мына жәйттерге аударғым келеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшлілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 423-бабындағы «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау» ескертпелерінде, осы бапта есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, дайындау және пайдалану әдістері, тәсілдері тіралы, сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға, сондай-ақ кітап өнімдерін, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін шығаруға және таратуға, көрсетілген мәліметтерді компьютер желілерінде таратуға немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауға бағытталған қызметін түсіну керек делінген.

Сол сияқты, осы бапта есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауымен түйсігіне өзі сезіне алмайтындай әсер ететін, оның есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегімен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөніндегі қызметін түсіну керек деп көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілгендей есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, имеденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатқаны үшін қылмыстық жауаптылықта көзделген.

Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауында жеті бап қарастырылған.

Осы баптар бойынша әртүрлі жаза түрлері көзделген, олар – айыппұл, түзеу және қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру сияқты.

Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша - 297-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу», 298-бабының 4-бөлігі ««Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу» және 299-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру» сияқты іс-әрекеттер үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осылайша заң шығарушы орган есірткі затының адамға, қоғамға аса қауіптілігін ескере келе, осындай қатаң жаза қолдануды дұрыс деп тапқан.

Тарбағатай ауданында басым көпшілігі қазақ ұлты тұрады.

Өкінішке орай, біздің ауданның тұрғындары арасында да есірткі заттарын иемденіп, сақтап, тасымалдаған фактілер әр жыл сайын орын алуда.

Мысалы, 2016 жылы Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен «Есірткі затын (кептірілген марихуана) иемденіп, сақтағаны үшін»екі адам, 296-бабының 3-бөлігімен «Ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдағаны үшін» бір адам әртүрлі жазаға сотталған болса, үстіміздегі жылдың алты айында ғана осы Кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен «Есірткі затын (кептірілген марихуана) иемденіп, сақтағаны үшін» екі адам сотты болды.

Бұл мәліметтен, ауданымызда қылмыстың осы түрінің азаймай, жылма жыл бір деңгейде тұрғанын көруге болады. Бұл жағдай кімді де болсын алаңдатуы тиіс.

Осы себепті, есірткімен ұсталып, оған тиісті жаза қолданғаннан гөрі оның алдын алып, жолын кескен әлдеқайда тиімді болар еді.

Сондықтан да, есірткіге үйірлерді тоқтату үшін күнделікті жанұяда болсын, мектепте болсын өскелең ұрпаққа оның зиянын айта беру керек деп ойлаймын. Есірткінің салдарынан қаншама жанұя құрдымға кетіп, қаншама ұрпақ денсаулықтарынан айырылып, қаншама нәрестелер мүгедек болып тууда.

Сонымен қатар, адам көп жиналатын орындарда есірткінің зияны, одан келетін зардаптар жөнінде айтылып, бейнероликтер көрсетіліп, теледидардан әрбір жарнама уақытында осындай бейнероликтер көрсетіліп отырса, сонда адамдардың санасына сәл де болса «осы Ғасыр ауыруының зияны» жетер ме еді.

Сондықтан, ұрпақ қамын ойлаған әрбір азамат есірткіге қарсы қолдан келген барлық шараларды жасауы қажет.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының
№2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: