Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елімізде суицидке бармақ болған 103 адамның 70 пайызы «көккит» ойынының шырмауына түскен

Сенім телефоны жобасы техникалық платформа ретінде өткен жылы іске қосылған болатын.

Фото : 2 октября 2017, 17:52
Қазақстанда суицидке бармақ болған 103 балалар мен жастардың 70 пайызы «көк кит» ойынының шырмауына түскен. 111 нөмірлі жедел қызмет жұмысының арқасында өз-өзіне қол салмақ болған балалар мен жастарға уақтылы көмек көрсетілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева мәлімдеді.

«Жоғарыда атап өткеніміздей, өз-өзіне қол салмақ болған 103 балалар мен жастардың 70 пайызы «көк кит» ойынының салдарынан қиындыққа тап болған. Мен бұл тұрғыда құқық қорғау органдарының, прокуратура, ҰҚК-нің жүйелі жұмысын ерекше атап өткім келеді. Біз бәріміз де байланыста жұмыс атқарамыз. Бізбен Халықаралық желінің өкілдері хабарласып жатыр. Ол жүйеге заманға сай қосылатын боламыз. Бізге БҰҰ-дан ЮНИСЕФ көмек қолын созып жатыр. Халықаралық желінің қызметкерлері біздің елге келіп, бірлесе жұмыс атқарады», - дейді Зағипа Балиева.

111 жедел қызметі ұйымының жетекшісі Ысқақ Құлатайдың айтуынша, 2017 жылдың 8 айы бойынша сенім телефонына 1 млн 376 мың рет қоңырау шалынған.

«Сенім телефоны жобасы техникалық платформа ретінде өткен жылы іске қосылған болатын. Сенім телефонының жобасында 30 оператор жұмыс атқарады. Оның ішінде заңгерлер, психологтар бар. Тәулігіне шамамен 4000-6000 аралығында қоңырау келіп түседі. Көп жағдайда қоңыраулар күндізгі сағат 10.00-нан түнгі сағат 10.00-ге дейін түседі», - дейді Ысқақ Құлатай.

Оның айтуынша, сенім телефонының жұмысының 3 қағидаты бар. Ең алдымен кез келген абонент кез келген уақытта сенім телефонына тегін байланысқа шыға алады. Екіншіден, 111 нөміріне Қазақстанның кез келген нүктесінен стационарлық немесе мобильді телефоннан қоңырау шалуға болады. Үшіншіден, қоңырау шалған абоненттің ақпараты құпия түрде ұсталады.

«Көптеген мысалдарды келтіруге болады. Оқыс жағдайлар көптеп кездеседі. Екі-үш күн бұрын ғана Қостанайдан 3 жасар қыз бала хабарласқан. Үйінде ешкім жоқта құлағына зиянды затты тығып алып, қиналған екен. Біздің операторлар анасын тауып алып, сәбиді қауіпті жағдайдан құтқарып алды»,- дейді ол.

Фото: inform.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии