Горячие новости
Читайте также

Өскеменде полицей көлігі екі жүргіншіні қағып кетті

Куәгерлердің айтуынша, полицей зардап шеккен жүргіншінің халі мүшкіл екеніне қарамастан бірнеше рет келіп, оны орнынан тұрғызбақ болған.

Фото : 3 октября 2017, 11:36
Кеше Өскеменде Бажова көшесінде патрульдік автокөлік жолдан жүгіріп өтпек болған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі YK-avto.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы жарияланды. Патрульдік машина жаяу жүргіншіге арналмаған жерден өтіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, екі полиция көлігі қатар келе жатқан, оқиғадан кейін бірі кетіп қалған. Құқық қорғау органдары ресми мәлімдеме бермеді.

Оқиға куәгерлері жол-көлік апатына қатысы бар полиция қызметкерінің біліксіздігіне наразылық білдіруде.

Куәгерлердің айтуынша, полицей зардап шеккен жүргіншінің халі мүшкіл екеніне қарамастан бірнеше рет келіп, оны орнынан тұрғызбақ болған.

Бұл әрекеті зардап шеккен ер адамның денсаулығына одан әрі зақым келтіруі мүмкін.

Фото: today.kz

Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии