Алматыда көше сыпырушылардың көлік астына түсуі көбейіп кетті

5 октября 2017, 13:15
Фото:
Алматыда көше сыпырушылардың көлік астына түсуі көбейіп кетті. Соңғы үш жылда тек бір Әуезов ауданынының өзінде екі адам ажал құшып, төрт адам мүгедек арбаға таңылған. Екі күн бұрын тағы да көлік қағып, ауруханада көз жұмған 62 жастағы азаматты туысқандары мен әріптестері жер қойнына тапсырды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Айлығы аз, азабы көп жұмыс болсада өмірін көше тазалығына арнаған адамның бірі - Тамара Ақатаева. Көк арбасын сүйретіп, көшедегі қоқысты тазалап жүргенде көлік қағып, қолын да сындырған. Жұмысшы жүргізушілердің мәдениеті өте төмен, дейді. Жол үстіндегі жауапты жүргізушілердің кесірінен бірнеше әріптесі мүгедек боп қалған.

«Қорыққанымыздан мына арбаны ұстап тұрып қаламыз, әлде сыпыртқымызды ұстап қаламыз. Темекілерін тастайды. Күбі лақтырады, үйіндегі қоқыстарын да лақтырып кетеді. Ол енді әр адамның сана-сезіміне баланысты. Үйде адам тәрбиесі жақсы болатын болса, ол қоқысты тастамайды ешқашан», - деді «Алматы тазалық» МКК жұмысшысы Тамара Ақатаева.

Саин көшесін сыпырып жүргенде машина қағып қаза болған Қажымұқан Дармұханұлын туыстары мен әріптестері жер қойнына тапсырды. Зейнетке шығуына 2 ай ғана қалғанда ажал құшқан азаматтың туыстарына компания материалдық көмек көрсеткен.

«Әкемнің еңбегіне ешқашан мүсіркеп қараған емеспін. Қайта қуаныш, мақтанышпен айтатынмын. Қанша жылдан бері өз еңбегіне адал. Әр уақытта өзінің міндетін бұлжытпай орындайды. Жаңағы жүргізуші куәлікті сатып алып жүреді. Ешқандай заңды білмейді, не өзінің құндылығын білмейді. Ол адамды ешқашан кешірмеймін. Жазасын алғанын қалаймын», - деді марқұм Қ. Дармұханұлының қызы Бағила Бекмұрзаева.

Көше қалдықтарын теруге әр ауданнан күніне шамамен 50-ден астам адам шығады. Тек биылдың өзінде 10 жұмысшыны көлік қаққан. Арасында мүгедек болып қалғандары да бар. Ал нақты қанша адамның көше тазалаймын деп жүріп көз жұмғанын ешкім айтпады.

«Адамдар көлікті жоғары жылдамдықпен айдайды. Әр кимометрге бір-бір жұмысшыдан бөлінеді. Енді шаңсорғыштар алып келеді. Адамның қолымен істейтін жүйені қысқартып, механикаланған жинауға ауыстырамыз. Яғни адамның қауіпсіздігі өте қатты бұл жерде», - деді «Алматы тазалық» МКК Әуезов ауданы бойынша басшысы Ерлан Сұлтан.

Қаладағы сегіз ауданның тазалығын 15 мекеме қамтамасыз етеді. Алатын айлықтары 65 мың теңгеден аспасада олар өмірлерін қатерге тіге күн сайын 23 миллион шаршы метр аумақты тазалайды. Ал қала билігінің айтуынша, қазіргі 1400-ден астам адамнан бөлек көшелердің қыста қарға толмай, тұрақты тазарып тұруы үшін тағы мың жарым жұмысшы керек.

Фото: www.arnapress.kz

Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?