Лента новостей
0

Қызылжарға қыс келді, жылыту жүйесі сыр беріп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.10.2017 16:32 Zakon.kz
Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов жағдай 3 күн ішінде оңалатынын айтты.
Қызылжар өңірінде күн райы күрт суытты. Коммуналдық қызметтер ауа температурасының төмендеуіне дайын болмай шықты. Мир мен Крепостной көшелдерінің қиылысында болған апат жығылғанға жұдырық болып тиді. Кеше кешке жылу құбырының жарылуының кесірінен тас жол опырылып, екі бірдей жеңіл көлік шұңқырға түсіп кеткен. Келеңсіз жағдайдың кесірінен ондаған үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Петропавлда 360-тан астам көпқабатты тұрғын үй жылусыз отыр. Кейбірінде ыстық су да жоқ. Жылу беріле бастаған үйлердің өзінде қысым өте төмен. Тұрғындардың барлығы дерлік жылудың жоқтығына шағымданып отыр.

«Мен қаланың қақ ортасында тұрамын. Екі айдан бері үйде ыстық су жоқ. Бұл жағдайымызды тіпті қиындатып тұр. Қыс болса келіп қалды, жылу берілер емес. Кішкентай балаларым бар. Кенжем «Ивушка» балабақшасына барады. Онда да жылу әлі берілген жоқ. Балалар аурудан көз ашпады. Қазір ауырудың өзі қымбатқа түседі. Дәрі-дәрмекке біраз ақшам кетті», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Нұргүл Нұрғалиева.

Петропавлды жылумен қамтамасыз етіп отырған «СЭВКАЗЭНЕРГО» серіктестігінің басшылығы жылудың берілу сапасын арттыру мақсатында қысымды көбейткендігін алға тартып отыр. Соның салдарынан Крепестной мен Мир көшелерінің қиылысында апат болды. Одан өзге қаланың 3 ауданында құбыр жарылған.

«Кеше біз жылу қысымын ұлғайттық. Жағдайы нашар құбырлар оған шыдамай жатыр. Апат болған Мир мен Крепестной көшелерінің қиылысындағы жылу жүйесіндегі судың температурасы 75 градус болатын. Шұңқырға түсіп кеткен көлік зақымданды, жүргізушісі дін аман. Арнайы сараптама жүргізіледі. Келген шығынды біздің компания өтейді», - деді «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нің бас директоры Игорь Рыбас.

«Жылудың жоқтығы тұрғындарға оңай соқпай жатқандығын түсінемін. Тек шыдау керек. Желтоқсан, қаңтар айларында жылусыз қалғанша, құбырларды қазір қалыпқа келтіргеніміз абзал. Жарылып кеткен құбыр 1980 жылы шығарылған. Қаладағы жылу желілерінің 70 пайыздан астамы тозған», - деді журналистерге берген сұхбатында Cолтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев.

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов жағдай 3 күн ішінде оңалатынын айтты. Апат болған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің сөзіне қарағанда, аталған аймақтағы жылу жүйесін күн соңына дейін қалыпқа келтіру жоспарланған.

«Бүгінгі күнге дейін 732 көпқабатты үйге жылу берілді. Аптаның соңына дейін қаланың барлық аудандарында жылу болады. Бүгін 120 үйге, ертең тағы 120-сына, қалғанына сенбі күні жылу беріледі. Температуралық жағдай реттеледі. Қалалық әкімдікте бұл мәселемен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандар жұмыс істеп жатыр», - деді Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов.

Эльмира Кәленова

Фото: baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: