Лента новостей
0

Қарағандыда 3 жасар немересін пышақтап өлтірген ауыл тұрғыны ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.10.2017 12:26 Zakon.kz
3 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс Қарағанды облысы прокуратурасының айрықша бақылауында.
Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылында болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 3 жасар немересін пышақтап өлтірген ауыл тұрғыны ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Еске салайық, Қарағандыда атасы ұйқы бермеген немересінің бірнеше жерінен пышақ салып алып, салдарынан бала қайтыс болған.

Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға қыркүйектің 29-нан 30-на қараған түні болған. Белгілі болғаны баланың шешесі жалғыз басты ана болғандықтан сәбиін атасы мен әжесінің қарауына берген. Яғни қайтыс болған бала атасы мен әжесінің қолында туғаннан бастап тәрбиеленген. Туған анасы қалаға жұмыс істеуге кеткен.

Прокуратура мәліметінше, қайтыс болған бала тәрбиеленген отбасының жағдайы жақсы болған. Олардың өздерінің шаруа қожалығы бар, бала ештеңеден таршылық көрмеген. Отбасының үлкен балаларының өз үйлері болса, кішілері қалада оқу оқып, жұмыс істеген.

«Күдікті 1974 жылы туған. Ол отбасымен Ағадыр ауылында тұрған. Әйелі екеуі немересін бағып, тәрбиелеген. 3 жасар баланың өлімі қыркүйек айының 29-нан 30-на қараған түні болған», - дейді Қарағанды облысының екінші басқару прокуратурасының прокуроры Нұрлан Чулдаков.

Қанды оқиға болатын күні ауылға азық-түлік сататын машина келіп, күдіктінің әйелі 3 бөтелке арақ пен немересіне тәтті сусын сатып алған. Ерлі-зайыптылар сол күні сатып алынған ащы суды ішіп, кешке қарай олардың арасында жанжал туындаған. Әйел 3 жастағы немересін атасына тастап, өзі көрші тұратын енесінің үйіне кетіп қалған.

«Әйел түнде не болғанын білмейді. Таңертең үйге келгенде диванда жатқан немересін көріп, үстіне көрпе жаппақ болған. Сонда немересінің демалмайтындығын, өліп қалғандығын түсінген. Әйел күйеуіне болған жағдайды айтып береді. Сол кезде күйеуі баланының өліміне кінәлі екендігін айтып, әйелінен полицейлерді шақырмауын өтінген. Шақырса оны түрмеге қамайтындығын айтқан», - дейді прокурор.

Күдікті әйелінің бұған көнбегендігін, қылмысты жасырмайтындығын білгеннен соң, қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері күдікті келуі мүмкін үйлердің барлығын бақылауға алып, нәтижесінде 43 жастағы ер адамды ұстаған. Күдікті кінәсін мойнына алып, қамауға алынды.

Жібек Мұқашева

Фото: baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: