Қазақстан астығының сапасы неге нашарлап кетті?

Zakon.kz Zakon.kz
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында егістік алқаптарының көлемі өзгермегенімен, оған себілетін улы химикаттар көлемі артып отыр.
Соңғы жылдары егінге улы химикаттар көп себіле бастаған. Сарапшылар сауатсыз фермерлердің білместікпен зиянды қоспаларды көптеп қолданатынын айтады, деп хабарлайды informburo.kz.

Қазақстанда астық сапасының күрт нашарлап кеткенін мамандардың өздері айтып отыр.

Мысалы, 2011 жылдары I және III санаттағы астық 88 пайыз болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 45 пайызға дейін азайған.

Ал төменгі IV-V санаттағы астық керісінше 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін 10 пайыздан 41 пайызға артқан. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан тарихында алғаш рет елде сапасы 3-кластан төмен бидай 60 пайыздан асыпты.

Осылайша, – дейді ғалым Ақылбек Күрішбаев, – жағдай жақсы кездің өзінде Қазақстан алдыңғы жылдармен салыстырғанда сапалы астықты 10 есе аз жинап жатыр.

Астық сапасының кемуіне министрліктің қателігінің қатысы бар ма?

Ауыл шаруашылығы министрлігі бірінші вице министр Қайрат Айтуғановтың өзі 2011-2016 жылдары елдегі астық сапасының күрт нашарлап кетуінің себебі ретінде тұқым сатып алуға мемлекеттік субсидия беру бағдарламасындағы қателіктерді айтады. Сол қателіктердің кесірі туралы ол тамыздың соңында өткен үкіметтегі баспасөз маслихатында айтып, түсіндірді.

2016 жылы сұранысқа ие сапалы астық сортының 44 пайызға нашарлап кетуіне ауыл шаруашылығы министрілігінің бұрын егілген тұқымды қайта егуге қолдау білдірген бұйрығы әсер еткен. Ол бұйрық биыл алынып тасталды. Қазір сапа жақсарып келеді, – деді ол.

Бірақ сарапшылардың пікірінше, астық сапасының нашарлауына әсер еткен фактор бұл ғана емес.

Химикатты көп қолдану адам ағзасына зиян

2010-2014 жылдары ауыл шаруашылығында егістік алқаптарының көлемі өзгермегенімен, оған себілетін улы химикаттар – пестицидтер көлемі 4 есе өскен.

KS Partners зерттеу компаниясының сарапшысы Данияр Қуанышалиев соңғы бес жылда ауыл шаруашылығында пайдаланылатын улы химикаттар көлемі 600 келіден 1,8 мың тоннаға дейін артқанын айтып, астық пен көкөністердің сапасына алаңдаушылық танытты.

Қазақстанда егін алқаптарындағы зиянкестермен күрес те дұрыс жүріп жатқан жоқ. 2010-2014 жылдары қолданыстағы жерлердің көлемі біршама өскенімен, оған себілген пестицидтердің көлемі одан екі есе ұлғайған. Осы жылдың өзінде улы химикаттарға 500 млн теңге бөлу жоспарланған. Ал оларды шаруашылықта дұрыс қолданбаудың кесірінен адам ағзасына келер зиян өте зор, – дейді ол.

Сарапшы отандық өнімдердің құрамында улы химикаттар көлемінің тым көптігінен экспортқа жөнелтілген тауарлар фитобақылаудан өтпей қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Оның пікірінше, елдегі өнімдердің сапасын қатаң бақылап, ауыл шаруашылығын реформалау керек.

Автор: Аян Қалмұрат

Фото: informburo.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
?
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления