Елімізде әкім болғысы келген шенеуніктер жаппай емтиханнан құлап қалды

Zakon.kz Zakon.kz
Биыл «А» корпусына өту үшін 600-ден астам үміткерден өтініш түскен.
Екі күн бұрын «А» корпусына тестілеу кезінде кандидаттардың 85 пайызы тіпті, төменгі межеден өте алмай қалған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Біз зерттеп көрдік. Сынақтан өте алмаудың бірнеше себебі болуы мүмкін. Яғни, бұрын шенеуніктер 7 заң бойынша тест тапсырса, қазір күрделене түсіп, 11 заң бойынша тапсырады. Оның үстіне қазір бақылау күшейтілді”, – деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова.

Биыл «А» корпусына өту үшін 600-ден астам үміткерден өтініш түскен. Оның 80-і комитет төрағасы қызметіне, қалғаны аудан әкімі қызметіне. Бірақ, шенеуніктердің небары 15 пайызы ғана қажетті межеден өтіп, қалғаны сынақтан сүрінген.

Мұны кейбірі тест сұрақтарының түсініксіз болғанымен түсіндіріп отыр. Бірақ, агенттіктегілер түсініксіз сауалдың жоқ болғанын айтады.

Фото: strategy2050.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления