Лента новостей
0

Ақтөбеде апатты үйде тұрып жатқан адамдар пәтер тізімінде жоқ болып шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.10.2017 10:55 Zakon.kz
Күні бүгінге дейін олар қала ортасында тұрса да от жағып, күл шығарды.
Ақтөбе қаласындағы апатты үйде тұрып жатқан адамдар өздерінің кезекке мүлде алынбағанын, апатты деп танылған құжаттың рәсімделмегенін бүгін білді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе қаласындағы апатты үйде тұратын адамдар жылуы, суы жоқ үйді ондаған жылдан бері паналап отыр. Олар төтенше жағдайлар қызметін, қалалық әкімдіктің жауапты мамандарын шақырғанымен, құжат рәсімделмеген.

«2001 жылдан бері тұратын үйімнің қабырғасы сөгіліп тұр. Жөндейміз, бірақ қайтадан баяғы қалпына түсіп, сыз басып қалады. Қазір мұнда тұра алмаймыз. Төбеден су ағады, қабырғасы қисайды. Қыста өте салқын, барлық жерінен жел кіреді. Өзімнің әлім келмеген соң туыстарымның үйін паналадым. Әкімдікке барғаныммен көмек беретін адам жоқ», — деді апатты үйдің тұрғыны Қымбат Ниязова.

Барак типтегі үйдің бір шетінде тұратын Сұлтан Масақұлов та қызының жанына көшіп барған.



«Жөндеу жүргізіп, қалпына келтіретін әлім жоқ. Өзім зейнеткермін. Мен төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, олардан баспананың апатты екенін анықтайтын құжат алдым. Кейін сол құжатпен әкімдікке баруы керек екен. Тұрғын үй қорын есепке алу секторына барған кезде кезекте тұр деп айтты. Бірақ қай тізімде, қай санатта екенін білеймін. Тірі қалу үшін қызыма барып, бірге тұрып жатырмын», — деді Сұлтан Масақұлов.

Жыл сайын жөндеу жасап, барак типтегі үйдің қабырғасын сақтауға күш салған тұрғындарға газ кіргізуге рұқсат берілмеген. Күні бүгінге дейін олар қала ортасында тұрса да от жағып, күл шығарды.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашевтің айтуынша, бұл адамдар пәтер алу кезегіне тұрмаған. Себебі, үй ресми түрде апатты деп танылмаған. Енді олар осы қателікпен жұмыс істеп, құжаттарын реттеуі керек. Есеп бойынша қалада 25 үй апатты деп танылған. Барлығында 60-тан астам отбасы тіркеуде тұр.

Жәнібек Нұрғожа

Фото: Aktobenews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: