Лента новостей
0

Сарапшы: Атамбаев Қырғызстандағы ұлтшыл топтарды айналасына біріктіргісі келеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.10.2017 13:21 Zakon.kz
Атамбаевтың кандидатының рейтингісі төмен.
Қырғызстанның төртінші президенті Алмазбек Атамбаев соңғы екі аптада қазақ билігінің атына осымен екінші мәрте сын айтты. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, қазақ-қырғыз қатынасын зерттеуші Жұмабек Сарабек оның бұл әрекетін осы жексенбіде өтетін президенттік сайлаумен байланыстырып отыр. Qazaqstan Ұлттық Телеарнасына арнайы сұхбат берген сарапшы, көрші елдегі саяси науқан мен екі ел арасындағы қарым-қатынас жайында айтты.

- Қазір ешкімге құпия емес, осы президенттік сайлаудың қарсаңында Атамбаев өзінің адамын өткізгісі келеді. Ол Сооронбай Жээнбеков деген саясаткер. Бірақ, қазірде сол Атамбаевтың кандидатының рейтингісі төмен. Ал, оның басты қарсыласы Өмурбек Бабанов деген оппозиционер бар, соның рейтингісі бірнеше сатыға жоғары.Осылайша сайлау алды науқандағы жағдайды тез өзгерту үшін Бабановты қаралап, осы Қазақстанмен байланысы бар деген айып тағып отыр. Қазақстан Қырғызстанның ішкі ісіне араласып отыр, яғни Бабанов тікелей Қазақстанның адамы деп, өзі ұсынған кандидатты өткізгісі келген пиғылмен жасап отыр, - дейді сарапшы.

Ал жүргізушінің қазақ пен қырғыздың достығы ғасырлар бойы жалғасып келе жатыр. Ағайыншылдығы бекем, бет жыртыспаған елдер. Мұны арандатушылық деп ұққан жөн бе, әлде саясаткерге тән емес аңғалдық деп ұққан жөн бе? деген сұраққа Сарабеков былай жауап берді.

- Біріншіден Атамбаев Қазақстан Қырғызстанның ішкі істеріне араласып отыр деген мәлімдемесі арқылы, Қырғызстандағы ұлтшыл топтарды айналасына біріктіргісі келеді. Барынша сайлаушылардың даусын, өзінің кандидатына қосқысы келеді. Екіншіден бұл жерде үлкен есеп бар Атамбаевтың, яғни осы мәлімдемелерден кейін, Астана қандай да бір қатаң мәлімдемелерге барып, Қырғызстанға қарсы қандай да бір санкциялар еңгізген кезде, өзіңе қажетті нәрселерді алатын еді. Осы провокация арқылы Қырғызстандағы азаматтардың негативті пікірлерін біріктіріп, өзінің кандидатына дауыс жинауға жұмыс істейтін еді. Қай жақтан алып қарасақта бұл араңдатушылық, - деп ойын жеткізді Жұмабек Сарабек.

Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанның қырғыз кандидатына қандай да бір қаржылық немесе ұйымдастырушылық көмек көрсетпегенін алға тартты. Тіпті, бұған ешкандай да бір дәйек пен дерек жоқ екенің және Атамбаевтың айтқан сөздері негізсіз деді. Оған қоса, бүгінгі күні Қырғызстан халқы Атамбаевтың айтылған сөздерімен келіспейтінін жеткізді.

Фото: itube.kaztrk.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: