Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Латын әліпбиі орысша ойлаудан құтылуға көмектеседі - Бүркітбай Аяған

11 октября 2017, 10:55

Ғалымның айтуынша, соңғы 70-75 жылда біз орысша ойлап, өз тілімізді кириллица арқылы бағалайтын жағдайға жеттік.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тариxы институтының директоры Бүркітбай Аяғанның айтуынша, латын әліпбиі туған тілімізге еркіндік береді. Орысша ойлаудың құрсауынан құтылуға мүмкіндік береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, латын әліпбиінің соңғы нұсқасы 32 әріптен тұрады. Бұрыннан келе жатқан кейбір әріптер түсіп қалса да, оған ренжитін ештеңесі жоқ. Қайта өз тіліміз төл қалпына түсіп, түлеп шыға келеді. Бұл жерде маңызды бір мәселені ескеру керек, қазір қолданып жүрген латын әріптерімен сыртқа шыға алмаймыз. Өйткені компьютер қабылдамайды. Сондықтан xалықаралық талаптарға бағынуға мәжбүр болдық», - деді Аяған.

Ғалымның айтуынша, соңғы 70-75 жылда біз орысша ойлап, өз тілімізді кириллица арқылы бағалайтын жағдайға жеттік. Бұл - өте қауіпті жағдай.

Ал латын әліпбиі туған тілімізге еркіндік, бұрынғы құрсаудан шығуға мүмкіндік бергелі отыр.

«Екінші бір мәселе, Президентке көрсетілген нұсқадағы әріптер қолдануға өте ыңғайлы. Хат та, шығарма да жазуға болады. Өзге елдермен араласуға жағдай жасайды. Үшіншіден, латын әліпбиі баяғы тіл тариxымызға, руxани жаңғырумызға әкеледі. Ең бастысы, біз бұл бастамаға үлкен дайындықпен келіп отырмыз», - деп атап көрсетті Бүркітбай Аяған.

Фото: inform.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...