Лента новостей
0

Биылғы жылы Павлодарда жат ағымға қосылған 41 адам дұрыс жолға түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.10.2017 12:16 Zakon.kz
Көбі еліміздің басқа облыстарында жүріп ұсталған.
2017 жылы Павлодар қаласының түрмелерінде жазасын өтеп жатқан 41 адам өз қателіктерін түсініп, діни радикалды көзқарастан арылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкарияновтың сөзінше, түзеу мекемелерінде теріс діни ағымды ұстанған 70 адам жазасын өтеуде. Олардың көбі еліміздің басқа облыстарында жүріп ұсталған.

- Халықты жат ағымдардың жетегінен сақтандыру үшін және теріс сенімнің жетегінде жүргендердің райынан қайтару мақсатында үш бағытта жұмыс істейміз, - дейді Дәулет Зәкариянов.

Біріншісі – көпшілікті діни ақпараттармен қамтамасыз ету. Яғни, халықтың діни сауатын көтеру. Екіншісі - жастарды білместікпен жат ағымдардың жетегіне түсіп кетуден сақтандыру. Үшіншісі – діни сенімін түбегейлі өзгертіп, айналасындағыларға да дәстүрлі емес діни ұйымдарға тартумен айналысатын азаматтарға тосқауыл қою және олармен оңалту жұмыстарын жүргізу.

Соңғы топтағылардың көбі қазір қылмыстары әшкереленіп, жазаларын өтеуде. Ведомство басшысының айтуынша, халыққа дәстүрлі емес діни ағымды облыс аумағында насихаттаған бірқатар азамат қазір Жезқазғанда және Көкшетауда жазаларын өтеуде. Бірақ нақты қанша адам отырғанын айту қиын. Ал, бостандықта жүргендердің көбі қазіргі күні Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында шоғырланған.

Сонымен қатар, соңғы кездері Баянауыл ауданында бар екені байқалуда.

- Ауылдық аймақтарға таралмау үшін үгіт-насихат жұмыстары көптеп жүргізілуде. Павлодар облысында 186 адамнан құралған 20 ақпараттық-насихат тобы бар. Сонымен қатар, облыстық дін істері басқармасының жанында конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы жұмыс істейді. Дәл осындай орталықтар Екібастұз қаласы мен Баянауыл орталығында құрылған. Бұдан бөлек, аймақтағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, халыққа ақпарат берудеміз, - деп атап өтті Дәулет Зәкариянов.

Тілеуберді Сахаба

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: