Ақтөбеде көпір маңынан табылған балалардың анасы кім екені анықталды

Zakon.kz Zakon.kz
Қазіргі уақытта екі бала «Үміт» сәбилер үйінде жатыр.
Ақтөбе қаласындағы көпірден табылған 1,5 және 2 жастағы балалардың анасы Алға ауданының тумасы болып шықты. Полиция қазір екі баланың анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта екі бала «Үміт» сәбилер үйінде жатыр. Дәрігерлер тексеріп, денсаулығынан еш кінәрат таппады.

Біріне Үміт, екіншісіне Медет деп лақап ат қойған. Шын есімдерін айта алмайтын екеуі бала күтушілерінің өздеріне қойған есіміне елеңдеп отырады.

«Полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп, балалардың анасының кім екенін анықтады. Ол Алға ауданының тумасы. Жасы 20-да. Бірақ анасы әлі іздестіріліп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Айта кетейік, екі бала Ақтөбе қаласындағы Заречный-1 елдімекенінің көпір маңынан табылған. Балаларды тұрғындар кезіктіріп, полиция шақырды.

Кейін сол маңдағы бау-бақша ұжымдарында тұратын адамдарға балалардың суреті көрсетіліп, іздеу жүргізілді. Бірақ нәтиже болмады. Балалардың табылғанына 2 апта уақыт өтті.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления