Теміртауда ер адам 2 жасар қызын жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінді

Zakon.kz Zakon.kz
Прокурор толтырған айыптау хаттамасы бойынша 2 жасар қызды алдымен ұрып, сосын тұншықтырған.
Теміртауда 2 жасар қызын жауыздықпен өлтірді деп, Ресей тумасы күдікке ілінген. Бұл туралы stan.kz, аудан аралық мамандандырылған соттың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда сот белгілеген қылмыстық іс бойынша процессуалды прокурор жұмыс істеп жатыр. Прокурор толтырған айыптау хаттамасы бойынша 2 жасар қызды алдымен ұрып, сосын тұншықтырған.

“2017 жылдың 27 шілдесінде күдікті Теміртаудағы пәтерінде сипиртті ішімдік ішіп қызымен бірге болған. Ол өзін тыңдамай қойған қызынан өш алу үшін оны өлтірген. Ол қыздың басынан, иығынан, бетінен бірнеше рет ұрып, сосын қызды еденге жатқызын тұншықтырған”, – делінген іс материалында.

Сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша қыз механикалық асфиксия әсерінен көз жұмған.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления