Мал ұрлығымен айналысқан топ «Атырау-Астрахань» тас жолында ұсталды

Zakon.kz Zakon.kz
Қазіргі таңда малдың иесі Жалғансай ауылының тұрғыны екені анықталып отыр.
Атырауда мал ұрлығымен айналысқан топ «Атырау-Астрахань» тас жолында ұсталды. Олар — Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Бұл туралы atr.kz, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері 12 қазан күні, сағат 04:00-де «Атырау-Астрахань» жолынан «Nexia» маркалы көлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан сиыр малы сойылған күйінде табылыпты. Ал, сол мезгілде көлікте үш өзбекстандық азамат болған.

Ұсталған шетелдік азаматтардың айтуынша, олар сиырды Махамбет ауданының аумағынан сойып алған. Қазіргі таңда малдың иесі Жалғансай ауылының тұрғыны екені анықталып отыр.

Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 188-інші бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айдос Қарабала

Фото: atr.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
?
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления