Павлодарда 10 миллион теңгенің есірткісін саудаламақ болған күдікті ұсталды

Zakon.kz Zakon.kz
Қазіргі таңда құрықталған азамат Павлодар қаласы ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылған.
Павлодар облысында «Көкнәр» және «Канал» есіткіге қарсы операция жүргізу барысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Торговая көшесіндегі жанармай құю бекетінің жанында жүк көлігін тізгіндеген 58 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

- Көліктің багажын тексеру барысында арнайы дайындалған құпия орында жалпы салмағы 181 келі марихуана және бес келі гашиш анықталды. Заңсыз айналымнан алынған заттың құны 10 миллион теңгені құрайды, - деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты "аса ірі көлемде саудалау мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл санкция бойынша күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда құрықталған азамат Павлодар қаласы ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылған.

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
?
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления