Лента новостей
0

Алматының «Манхэттені»

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.10.2017 14:58 Zakon.kz
Central Avenue – Алматыдағы Нью-Йорктың бір бөлігі. Мұндай кешен оңтүстік астанамызда бұрынсоңды болмаған-ды.
BI Group құрылыс компаниясы алматылықтарға тұрғын үйдің жаңа стандартын ұсынады. Қазан айының соңында Алматының ең таңдаулы ауданындағы Central Avenue тұрғын үй кешенінің сатылымы басталады деп күтілуде.

Central Avenue – Алматыдағы Нью-Йорктың бір бөлігі. Мұндай кешен оңтүстік астанамызда бұрынсоңды болмаған-ды. Оқиғалар ортасы, кешеннің қайталанбас сәулеттік келбеті уақытты бағалайтын және инновация мен мегаполистің дәл орталығында өмір сүруді қалайтын адамдарды қызықтыратыны сөзсіз.

Жобаның бас сәулетшісі Нұрлан Камитов: «Central Avenue жобасы, классикалық өнер туындысы секілді, ешқашан сәннен қалмайды. Мұндай жауһарлар коллекцияланып, аукциондарға қойылады».


Кешеннің сыртқы сәулет көрінісі Алматының қайталанбас тау пейзажымен әдемі үйлесім тапқан, тура бір Іле Алатауының бейнесін қайталап тұрғандай. Халыққа ғасырлар бойы серік болып, жебеп келе жатқан Қар барысы, түркі халықтарының өмірінен сыр шертетіндей, бұл кешеннің «декоративті» кейіпкері болмақ.



Central Avenue қаланың ең таңдаулы ауданында – Сейфуллин көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан. 878 апартамент және 3 пентхаусты құрайтын 13 блоктан тұрады. Кешенді Алматының ең тартымды орталықтары қоршап тұр. Оның жанында – Алматы қаржы орталығы, Esentai Mall, Forum Almaty ОСО, Республика алаңы.

Кешен инновациялық технологиялармен жабдықталған - сенімді қауіпсіздік жүйесі, бейнебақылау, қолжеткізуді бақылау, қозғалыс датчиктері және жабық көлік ауласы. Ал «Ақылды үй» жүйесі пәтерді смартфон көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.



«Біз ландшафттық дизайнның соңғы трендтерін қолдана отырып, ең батыл идеяларды шындыққа айналдыра білдік. Бұл ретте Central Avenue тым мәнерлі емес, жайлы тұрғын үй кешен болады», - деп атап өтті ландшафттық жоба сәулетшісі Роман Шнайдерман.

Балалардың ойын алаңдары, спорт алаңқайлар, ашық амфитеатр және релакс-зона отбасымен бірге демалып, серуендеу үшін тамаша орта жасайды. Құрғақ фонтаны бар амфитетар – жобаның тағы бір ерекшелігі. Жалпы айтқанда, мұның барлығы әр түрлі жастағы тұрғындардың қажеттіліктерін, мүдделерін ескере отырып жобаланған.


Және, кешеннің ең маңызды артықшылықтарының бірі – оның терезелерінен белсенді дамып келе жатқан қалаға және Іле Алатауының биік шыңдарына керемет панорамалық көріністің ашылуы.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: