Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жедел жәрдемнің 3 жүргізушісін қағып кеткен ер адам қамауға алынды

Зардап шеккендердің екеуі сол сәтте қайтыс болса, біреуі ертеңінде көз жұмды.

Фото : 18 октября 2017, 10:04
Жітіқарадағы 3 адамның өліміне қатысы бар күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай Жітіқара қаласында 23 жастағы күдікті жан түршігерлік жол апатын жасаған болатын. Онда ол «Лада» автокөлігімен 3 бірдей жедел жәрдем жүргізушісін мерт қылды. Аталмыш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде уақытша тергеу абақтысында ұстау шешімі шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазіргі таңда осы жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы уақытта күдікті ретінде уақытша ұстау абақтысында отырған 23 жастағы қала тұрғыны ҚР ҚК 2 бірдей бабымен айыпталуда. Бірінші бап бойынша күдіктіге 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделсе, келесі бапта 3 жылға сотталуы мүмкін», – дейді Жітіқара ауданы прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақов.

Еске сала кетсек, өткен демалыс күндері Жітіқара қаласында жас жігіт жолдан өтіп бара жатқан орталық ауруханасының 3 жүргізушісін таптап өткен болатын. Оның екеуі сол сәтте қайтыс болса, біреуі ертеңінде көз жұмды.

Мешіт Ғазиз

Фото: grodno.in

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии