Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Астанада рухани-адамгершілік жаңғыру мәселелері талқыланды

Астанада «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» конференциясы өтіп жатыр.

Фото : 18 октября 2017, 12:19
Астанада «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Шара Астана қаласы әкімдігінің, Дін істері басқармасы мен «Мәдениет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» атты Халықаралық қауымдастықтың мұрындық болуымен өтуде.

Конференция түрлі елдердің ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің, дінбасылар мен мемлекет қызметшілерінің бас қосып, пікір алмасатын алаңына айналды. 17-18 қазанда өтетін алқалы жиын барысында қазіргі дәуірді, оның ерекшеліктері мен өзіндік артықшылықтарын, адамзат алдындағы бірқатар заманауи күрделі мәселелерді оңтайлы шешу мен жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып байыптауға негізделген Қазақстан мен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары қарастырылады.

Конференция бағдаламасында Еуразия халықтары қауымдастығының отырысы бар. Бұл – еуразиялық ынтымақтастық идеясын дамытудағы халық дипломатиясының құралы ретінде биыл мамыр айында Мәскеуде құрылған халықаралық қоғамдық қозғалыс.

Қауымдастықтың пленарлық отырысы барысында конференцияға қатысушылардың атынан Еуразия халықтарына арналған Үндеу қабылданған болатын.

Үндеуде қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік, гуманизация, мәдени өсуі жолындағы әрекеттерді арттыра түсудің маңыздылығы ескерілген. Отырысқа қатысушылар мұндай өсімнің басты құралы деп қоғамдық сананы жаңғыртуды есептейді.

«Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушылары атынан біз саясаткерлер қауымдастығы, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дін саласының қайраткерлері әлемде Н. Назарбаевтың гуманитарлы бастамаларын дамытуға өз үлесін қосуға дайын екендігін жеткіземіз. Біздің баршамыздың алдымызда дүниетаным бағытын жанжалдан, қарсыласудан, қаталдықтан, сенімсіздіктен рухани жаңғыруға, келісімге, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа бет алу міндеті тұр», - делінген Үндеуде.

Айта кету керек, Астанада қабылданған Үндеу Еуразия халықтары қауымдастығының жыл соңында Парижде өтетін отырысында да оқылатын болады.

Фото: mail.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии