Көкшетауда атышулы ішкіш келіншек ақыры аналық құқығынан айырылды

Zakon.kz Zakon.kz
Келіншектің балалары тіпті көше кезіп, қаңғырып кеткен.
Көкшетауда төрт баласына дұрыс қарамаған әйелді сот аналық құқығынан айырды. 31 жастағы Валерия Хулхачинова оларды некесіз туыпты. Үнемі аузы арақтан құрғамай, жатақханадағы жалғыз бөлмесін жын-ойнаққа айналдырған ол балаларын бағып-қақпаған. Сотта 13 жастағы үлкен қызы анасын қимай жылап отырды. Бірақ санасын арақ улаған келіншектің бұған беті бүлк еткен жоқ. Ал балаларының ең кішісі 1 жарым жаста, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оның балалары тіпті көше кезіп қаңғырып кеткен. Жазда 7 жастағы ұл мен 9 жастағы қыздың қала сыртындағы гараждардың жанында далада түнеп жүргенін көрген жұрт жағасын ұстаған болатын.

Сергей Тенев, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Ешқандай да ойнап жүрген жоқ.Мен таңертең келгенде олар осы жерде ұйықтап жатты. Қыз бала анау жаман төсекте, ұл балалар арбасында жатты.

Екі баланың далада ұйықтап, қоқыстан нан теріп, тамақтанып жүргенін көрген тұрғындардың бірі оны үйіне ертіп апарған. Олардың осы маңдағы жатақханалардың бірінде тұратыны анықталды. Бірақ сол кезде аналары олардың оралғанына аса қуана қойған жоқ.

4 баланы да Валерия некесіз туған. Ал жатақханадағы мына бөлмені жын-ойнаққа айналдырған дейді полицейлер. 31 жастағы әйел бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылғаны былай тұрсын, тіпті бұған дейін ұрлық жасап істі болған екен. Құзырлы орындар балалардың мүлдем күтімсіз, тәрбиесіз күйін көріп, шешесін аналық құқығынан айыру қажет деп тапқан. Сот оны мақұлдады.

Бақытжан Жарылғасов, судья:

-Сот кәмелетке жасы толмаған 4 баланың анасы Хулхачинованы аналық құқығынан айырды. Ол енді өзінің табысының екіден бір бөлігін алимент ретінде өтейтін болады. Сот үкімі 30 жұмыс күнінен кейін күшіне енеді.

Сотқа Валерияның 13 жасар қызы қатысты. Есейіп қалған жеткіншек анасын қимай жылап отырды. Бірақ бұған шешесінің беті бүлк еткен жоқ.

Заң бойынша жарты жылдан соң жағдайын түзеп, маскүнемдіктен арылса, сондай-ақ, балаларды баға алатындай жағдайға жетсе, бұл әйелдің перзенттерін сот арқылы қайтарып алуына болады. Қазір 3 бала бейімдеу орталығында, ал салмағы 5 келі ғана болатын кішкентай Анжелика 2 айдан бері балалар ауруханасында жатыр.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления