Павлодарда өрттен жеті жастағы бүлдіршін қайтыс болды

Zakon.kz Zakon.kz
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Павлодарда Шөкин көшесі, 87 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан жеті жастағы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Тілсіз жау сағат 16.20-да орын алған. Сағат 17.15-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамнан 15 адам мен алты техника, медициналық апаттар орталығынан үш адам мен бір техника жұмыс істеді. Қызыл жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Сондай-ақ, тоғыз жастағы ұл бала мен 57 жастағы ер адам, 30 жастағы әйел адам ысты газбен улану диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді департаментте.

Бұдан басқа, Шарбақты ауданында 210 тонна шөп жанып кеткен. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Ақсу қаласында Набережная көшесі, 41 мекенжайы бойындағы көпқабатты тұрғын үйде тіркелген өрт нәтижесінде бір адам ауруханаға жеткізілген.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления